Қазақстанның жастар құрамасы "Достастық" кубогының екінші кездесуінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді

19.01.2015, 03:06
Қазақстанның жастар құрамасы "Достастық" кубогының екінші кездесуінде алғашқы  жеңісіне қол жеткізді
Саулюс Ширмялис шәкірттері өткен кездесудегі жеңілістің кездейсоқтық екенін дәлелдеу мақсатында Литвамен өткен матчтың бірінші таймында-ақ тайлы-тұяғымен алға беттеді. Есепті ашуға сәттілік жетіспеді. Эдвинас Гертмонастың да ерлігін атай кеткен дұрыс. Өз қақпасын өте сәтті қорғай білді. Үзілістен кейін де шабуылды үдете түскен Саулюс Ширмялис шәкірттерінің еңбегі ақталып, Абат Аймбетовтың есеп ашуына Эдвинас Гертмонас кедергі келтіре алмады. 1-0 есебін еселей түсуге  мүмкіндіктері болғанымен, есеп өзгеріссіз қалды. Қаңтар айының 20-жұлдызында Астана уақытымен  сағат  15:00 Қазақстан жастар құрамасы ОАР жастар құрамасымен ойын өткізеді.   Қазақстан U-21 — Литва U-21 1:0 (0:0) Гол: Аймбетов 57 (1:0).

Ерқанат САҒАДИН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×