Ағылшын Премьер-Лигасындағы ең жылдам хет-трик

17.05.2015, 02:55
Ағылшын Премьер-Лигасындағы ең жылдам хет-трик
Тұманды Альбиондағы чемпионаттың 37-ші туры "Саутгемптон" және "Астон Вилла" кездесуімен басталған еді. Алаң иелері келесі маусымдағы еурокубокке жолдама алуға таласып жүрсе, қонақтар АПЛ-дағы орнын сақтап қалу үшін бар күшін салуда. Дегенмен, бұл ойында күтпеген нәтиже тіркелді. Рональд Куман шәкірттері өз жанкүйерлері алдында қонақтарды аяған жоқ. Үздіксіз шабуылдар жасап, оның алтауында қақпаны дәл көздеді. "Астон Вилла" бір голмен ғана жауап қатты. Англия чемпионатының логикасына сыймайтын ірі есеппен қатар, бұл ойында тарихи жағдай орын алды. Ағылшын Премьер-Лигасындағы ең жылдам хет-трик соғылды. Авторы-сенегалдық жартылай қорғаушы Садио Мане. Шей Гивен қорғайтын қақпаны қатарынан үш мәрте дәл көздеу үшін Манеге бар болғаны 3 минут керек болды. Ал, тағы екі мәрте Шейн Лонг голмен көзге түсті. Алтыншы голды команданың үздік сұрмергені Грациано Пелле торда тулатты. Қонақтар сапынан Кристан Бентекенің еншісінде бір гол. Саутгемптон-Астон Вилла 6:1 (5:1) Голдар: Мане 13, 14, 16; Лонг 26, 38; Пелле 81 - Бентеке 45+3
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×