Ел Премьер Лигасына шолу. Қос астананың сүрінісі, "Ақтөбенің" жеңісті сериясы

17.05.2015, 02:30
Ел Премьер Лигасына шолу. Қос астананың сүрінісі, "Ақтөбенің" жеңісті сериясы
Маусымда бірде-бір мәрте жеңілмей, өткен бес ойында да қарсыластарын тізе бүктірген, "Ақтөбе" оңтүстік астанаға қонаққа келсе, бірінші орыннан бірнеше тур бұрын айырылған "Астана" павлодарлық "Ертісті" қонақ етті. Ал, білікті бапкер Виктор Кумыков "Ордабасыны" бір кездегі "Шахтердың" деңгейіне көтеремін деп білек сыбана кіріскен секiлді. Шымкенттік ұжым алтылыққа жайғасуымен қоса, жүлделі орындарға таласуға дәмелі. "Аладоп" сайты, Ел Премьер-Лигасының 12-ші турындағы ойындарға шолуын ұсынады.  Турдың орталық ойынында "Қайрат" өз алаңында "Ақтөбеге" есе жіберді. Алғашқы таймда есеп ашылмағанымен, екінші таймда, 7 минут ішінде батыс футболшылары қос гол салып кетті. Хижниченко 67-ші минутта есеп ашып, маусымдағы өзінің төртінші голын салса, Антонов араға 6 минут салып, қонақтардың есептің басымдылығын 2:0-ге жеткізді. Алматылықтар ойынды сақтап қалу үшін шабуылға тайлы-тұяғымен аттанған еді. Алаң иелері пенальти де еншіледі. Бірақ, Исламхан 11 метр жерден Стас Покатиловтан айласын асыра алмады. Соңғы минуттардағы Жерар Гоудың голы "Қайратты" өз алаңындағы қатарынан екінші жеңілісінен сақтап қала алмады. Ал, осымен қатарынан алтыншы ойында жеңіске жетіп отырған "Ақтөбе" бірінші орынды берер емес. Қайрат-Ақтөбе 1:2(0:0) Голдар: Хижниченко, 67(0:1). Антонов, 73(0:2). Гоу, 90(1:2) Шымкенттегі "Ордабасы" мен "Шахтердың" арасындағы ойында алаң иелері минимальды жеңіске жетті. Голдың авторы-серб қорғаушысы Бранислав Трайкович. Осы жеңісінен кейін "Ордабасы" екінші орынды, маусымның тағы бір сенсациясы "Атыраумен" бөлісіп тұр. Сонымен қатар, "Ордабасы" да "Ақтөбе" секілді маусымда бірде-бір мәрте жеңілмеген ұжым. Ордабасы - Шахтер 1:0 (0:0) Гол: Трайкович 78. Астанада турдың ең тартысты ойынында жергілікті команда "Ертіспен" тең түсті. Алғашқы бес минуттың ішінде бір-бір голдан соққан қос команда екінші таймның басында дейін үнсіздік сақтады. 56-шы минутта Нөсербаев "Астананы" алға шығарған. Дегенмен, ойын барысында алаңға шыққан Ерсәлімов тура 90-шы минутта есепті теңестіріп кетті. Тең нәтиже "Астананы" төртінші орынға ығыстырса, "Ертіс" "Жетісудан" тағы бір ұпайға ұзады. DSC_0114 Астана - Иртыш 2:2 (1:1) Голдар: Дудченко 2 (0:1), Фокси 4 (1:1), Нөсербаев 56 (2:1), Ерсәлімов 90 (2:2) Тараз-Атырау 0:1(0:1) Гол: Айтбаев, 8(0:1) Қайсар-Оқжетпес 0:2(0:2) Голдар: Мангуткин, 12(0:1). Бөлешев, 35(0:2) Тобол-Жетісу 3:1(2:0) Голдар: Уче, 37(1:0). Уче, 43(2:0). Савич, 65(2:1). Уче, 75(3:1)

Жарыс кестесі

 
1  АҚТӨБЕ 12 7 5 0 14-5 26
2  ОРДАБАСЫ 12 6 6 0 13-5 24
3  АТЫРАУ 12 7 3 2 14-10 24
4  АСТАНА 12 6 4 2 23-13 22
5  ҚАЙРАТ 12 5 3 4 21-10 18
6  ТАРАЗ 12 5 2 5 10-8 17
7  ОҚЖЕТПЕС 12 5 1 6 13-16 16
8  ТОБОЛ 12 4 2 6 12-20 14
9  ҚАЙСАР 12 2 6 4 5-9 12
10  ЕРТІС 12 1 6 5 13-18 9
11  ЖЕТІСУ 12 1 4 7 7-18 7
12  ШАХТЕР 12 1 2 9 7-20 5

 

  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×