Marca: Де Хеа "Реал" футболшысы

17.05.2015, 01:01
Marca: Де Хеа "Реал" футболшысы
Испаниядағы ең беделі басылымның хабарлауынша, "Манчестер Юнайтед" қақпашысы Давид де Хеа Мадридке ауысуға жақын.  Келесі жылы "қызыл сойқандар" мен испандық қақпашының арасындағы келісім-шарт өз күшін жояды. Ал, Давид "Манчестер" тарапынан ұсынылған жаңа келісім-шартты қарауға асығар емес. Енді "Marca"-ның жазуынша, 24 жасар футболшы "Реал Мадрид" сапына ауысуға өз келісімін беріпті. Келісім-шарттың күші 2020, әлде 2021-ші жылға дейін болады. Жылына бес миллион евро деп хабарлануда. Осыдан кейін, "Реал" басшылығы Манчестермен тікелей байланысқа түспек. Ағылшындар Де Хеа үшін 40 миллион еуро сұрап отырғанын білеміз. Бірақ, жомарт Флорентино Переске бұл ақша емес. Онымен қоса, Касильястің де жыл өткен сайын жиі қателіктерге жол беріп жатқанын білеміз. Ал өткен жазда Әлем чемпионатынан кейін сатып алынға Кейлор Навас нөмірінші бірінші болуға дайын емес.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×