Симоне: "Реал" Анчелоттиді жібермеуі тиіс"

17.05.2015, 00:43
Симоне: "Реал" Анчелоттиді жібермеуі тиіс"
"Атлетиконың" бас жаттықтырушысы Диего Симоне Мадридтегі басты қарсыласы жайлы сөз қозғады. Басылымдарға сенсек, осы жылы бар кубоктен бос қалған Анчелоттиді "корольдік клуб" басшылығы жазда орнынан босатады-мыс. Флорентино Перес екінші команданың бапкері, даңқты Зиданға немесе маусым аяқталысымен Дортмундтан кететін Юрген Клоппқа "Реал Мадридтің" тізгінін ұстатуы мүмкін. Осыған орай, Симоне өз ойын білдірді. Анчелоттиден айырылу-"Реалдың" ірі қателігінің бірі болмақ деді. "Карло Анчелотти-әлемдегі мықты бапкерлердің бірі. Егер де, "Реал" одан бас тартса, келер маусымда команданың тасы өрге домалайды дегенге мен сенбеймін. Он жылдан астам аңсаған Чемпиондар Лигасын "Реал Мадрид" үшін жеңіп алғанын қалайша ұмытуға болады?"-деді аргентиналық маман.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×