Ағылшын Примьер-Лигасы. Кім айтты,әділетсіздіктің өтеуі жоқ деп?

10.03.2014, 05:17
Ағылшын Примьер-Лигасы. Кім айтты,әділетсіздіктің өтеуі жоқ деп?
Төрткүл дүние тойлайтын халықаралық әйелдер күнінде еркектер футбол ойнауын тоқтатпайды. Бұл да бір өзіндік қыз-келіншектерге арналған сыйлық болар. Бүкіл әлемде футболға жанкүйер нәзік жандылар аз емес.  Ағылшын Примьер-Лигасында да өткізуге жоспарланған 10 ойынның 5-еуі болып өтті. Әрине, орталық матч Лондондағы дерби. "Челси"-"Тоттенхэм". Бұл демалыстарда "ақсүйектердің" артынан қуып келе жатқан үштік "Ливерпуль", "Арсенал", "Манчестер Сити" өз ойындарын өткізбейді. Моуринью шәкірттеріне олардан ұпай санын арттыруға мүмкіндік туып тұр. Ал, егер "Тоттенхэмның" айы оңынан туса сол үштікке жақындамақ. "Стамфорд Бриджда" бұл маусымда чемпионатта Челсидан басқа ешкім 3 ұпай еншілемеген. Сондықтан жеңіске жету "шпорларға" қиынның қиыны болмақ. Ойын өте қызу, жоғары жылдамдықта басталды. Екінші жастық шағын бастап кешіріп жатқан камерундық сұрмерген Это, қақпашымен бірге-бірге шыққанымен төрешілер күмәнді оффсайдты тіркеді. Келесі шабуылда  Этоның пасынан кейін Азардың тепкен добы қақпадан қиыс кетті. Қонақтарда да бірнеше мүмкіндіктер болды. Екі команда да қорғанысқа аса көңіл бөлмей, ашық футбол ойнағанымен шабулылдаушы тарап мүлк кетіп жатты. Бірінші тайм қорытындысы 0:0! Екінші таймның басында қарсылас Вертонгеннің қателігін пайдаланған, ойынды белсенді өткізіп жатқан камерундық шабуылшы есепті ашты. Бұл да бір әділеттік болар. Естеріңізде болса, Еуропа Лигасында плей-офф кезеңінде "Тoттенхэмның" "Днепрге" қарсы ойынында Вертонгеннің актерлық шеберлігінен арқасында, алаңнан жазықсыз Зозуля қуылып, украиналықтардың сағы сынған болатын. Сол әділетсіздіктің өтеуі бүгін болды. 5 минуттан соң, бас қазы Льорис қорғайтын қақпаға жоқ жерден пенальти белгіледі. Кабульдың аяғы Этоның аяғына тигенімен, құлайтындай контакт бола қойған жоқ. Кабульға қызыл қағаз, қақпашыны басқа бұрышқа, допты басқа бұрышқа жіберген Азар голы. Бір адамға кем қалған Шервуд баптайтын жігіттердің сағы сынды. Ойын соңында екі минут ішінде Демба Баның соққан екі голы "ақсүйектердің" ірі жеңісіне нүкте қойды. "Челсидің" чемпиондыққа тағы бір қадамы, "Тоттенхэмның" Чемпиондар Лигасына жолдама берер орынның арманға айналуына жасаған тағы бір қадамы.

8 наурыз. Лондон. Стадион "Стэмфорд Бридж". 41598 көрермен. Төреші - Майкл Оливер (Нортумберленд).

ЧЕЛСИ - ТОТТЕНХЭМ - 4:0 (0:0)
 Это'О, 56 (1:0). Азар, 60 - пенальтиден (2:0). Ба, 88 (3:0). Ба, 89 (4:0).
Челси Тоттенхэм
 Петр Чех  Уго Льорис
 Бранислав Иванович  Кайл Нотон
 Джон Терри  Майкл Доусон, 72
 Гари Кэхилл  Юнес Кабуль
 Сесар Аспиликуэта  Ян Вертонген
 Неманья Матич  Кайл Уокер
 Рамирес  Набиль Бенталеб
 Фрэнк Лэмпард, 46  Сандро
 Эден Азар  Аарон Леннон
 Андре Шюррле, 66  Гюльфи Сигурдссон, 61
 Самуэль Это'О, 76  Эммануэль Адебайор
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Оскар, 46  Паулиньо, 61
 Виллиан, 66  Эзекиль Фрайерс, 72
 Демба Ба, 76  

Ескертулер:

 Фрэнк Лэмпард, 40  Набиль Бенталеб, 9
 Сесар Аспиликуэта, 86  Кайл Нотон, 53
   Сандро, 54
   Юнес Кабуль, 59

 

Чемпиондар Лигасына жолдама берер орындар, олар үшін арманға айналып бара жатқан тағы бір ұжым, "Манчестер Юнайтед" қонаққа "Вест Бромвичке" барды. Мойес командасы үшін бұл ойын қатарынан қонақтағы үшінші кездесу. Мойес командасының қонаққа жеңіс үшін келгенін матчқа қатысатын ойыншылар тізіміне қарап ақ аңғаруға болады.Шабуыл өтінде Руни, Мата, ван Перси, Янузайлар. Ол жеңіске қол жеткізді. Ірі есеп-3:0! Бірақ, кейде бір матчтың таблодағы есебімен алаңдағы ойын өрнегі сәйкес келмей жатады. Бүкіл матч бойы тең ойын. Бірінші таймда екі команда да тұшымды шабуылдар болғанымен сәттілік манкуниандықтар жағында болып, Фил Джонс есеп ашса, екінші таймда есепті теңестіруге ұмтылған алаң иелері қарсы шабуылда екі гол өткізді. Тең, кейбір бөліктерде "Вест Бромвич" басымдылығымен өткен ойында "қызыл сойқандар" жеңіске жетті.

8 наурыз. Вест Бромвич. Стадион "Хауторнс". 26184 көрермен. Төреші- Джонатан Мосс (Йоркшир).

ВЕСТ БРОМВИЧ - МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД - 0:3 (0:1)
 Джонс, 34 (0:1). Руни, 65 (0:2). Уэлбек, 82 (0:3).
Вест Бромвич Манчестер Юнайтед
 Бен Фостер  Давид Де Хеа
 Стивен Рид, 61  Рафаэл, 87
 Гарет Маколи  Фил Джонс
 Юнас Ольссон  Крис Смоллинг
 Лайам Риджуэлл  Патрис Эвра
 Клаудио Якоб, 40  Майкл Кэррик
 Юссуф Мулумбу  Маруан Феллаини
 Морган Амальфитано  Хуан Мата
 Золтан Гера  Уэйн Руни
 Крис Брант, 66  Аднан Янузай, 76
 Виктор Аничебе  Робин ван Перси, 63
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Джеймс Моррисон, 40  Дэнни Уэлбек, 63
 Стефан Сессеньон, 61  Синдзи Кагава, 76
 Саидо Берахино, 66  Неманья Видич, 87

Ескертулер:

 Виктор Аничебе, 90  Аднан Янузай, 12
   Робин ван Перси, 50

 

Ағылшын Примьер-Лигасының 29-турының қалған ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар: Кардифф Сити-Фулхэм-3:1 Голдар: Кокер, 45+1(1:0). Холтби, 59(1:1). Кокер, 67(2:1). Ритер, 71(3:1, өз қақпасына) Кристал Пэлас-Саутгемптон-0:1 Гол: Родригес, 37(0:1). Норвич-Сток Сити-1:1 Голдар: Джонсон, 56(1:0). Уолтерс, 73(1:1, пенальтиден)

Турнир кестесі.

 

М  Клуб ойын жеңіс тең жеңіліс доп айырымы ұпай
1  ЧЕЛСИ 29 20 6 3 56-22 66
2  ЛИВЕРПУЛЬ 28 18 5 5 73-35 59
3  АРСЕНАЛ 28 18 5 5 52-28 59
4  МАНЧЕСТЕР СИТИ 26 18 3 5 69-27 57
5  ТОТТЕНХЭМ 29 16 5 8 37-37 53
6  МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД 28 14 6 8 46-31 48
7  ЭВЕРТОН 27 13 9 5 38-27 48
8  НЬЮКАСЛ 28 13 4 11 37-39 43
9  САУТГЕМПТОН 29 11 9 9 39-35 42
10  ВЕСТ ХЭМ 28 8 7 13 31-35 31
11  АСТОН ВИЛЛА 28 8 7 13 31-38 31
12  СТОК СИТИ 29 7 10 12 29-43 31
13  ХАЛЛ СИТИ 28 8 6 14 30-35 30
14  СУОНСИ 28 7 8 13 37-41 29
15  НОРВИЧ 29 7 8 14 22-44 29
16  КРИСТАЛ ПЭЛАС 28 8 3 17 19-38 27
17  ВЕСТ БРОМВИЧ 28 4 13 11 31-42 25
18  КАРДИФФ СИТИ 29 6 7 16 22-50 25
19  САНДЕРЛЕНД 26 6 6 14 26-42 24
20  ФУЛХЭМ 29 6 3 20 29-65 21

 

  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×