Испан Примьерасы. Азусыз "тики-так"

11.03.2014, 02:45
Испан Примьерасы. Азусыз "тики-так"
Испан Примьерасының шымылдығын "Барселона"-"Вальядолид" ойын ашып бермек. "Реал Сосьедадтан" жеңіліп, өткен турда бар қаһарын "Альмерияға" шашқаннан кейін, "блауграна" жеңісті жолын жалғастыруға тырысары анық Жеңіске жетіп жатса, аз уақытқа болса да көш бастамақ. Қарсылас та қолайлы. Соңғы ойындарда жеңіске апарар жолды ұмытқан, аутсайдерлердің бірі-"Вальядолид". "Реал Сосьедадтан" жеңілісінде негізгі құрамның кейбір ойыншыларын алаңға шығармай басына таяқ болып тиген Мартино, бұл ойында негізгі құрамды, қосалқы құрамның жылы орындықтарында отырғызып қоймасы анық. Ал, "Вальядолид" қорғанысты мығым ұстауға тырысып, қарсы шабуылға үміт артуы мүмкін. Себебі, "блауграна" жұлдыздары алаң иелерінің позициялық шабуылдар ұйымдастыруына мүмкіндік бермеуі әбден мүмкін. Матч католындықтардың Месси ұйымдастырған қауіпті шабуылынан басталды. Тағы да азусыз шабуылдар. Қонақтар 15-минутқа таман өз-өздеріне келе бастады. Ес жиып қана қоймай, есеп ашты. Негізі, "Барселонаға" қарсы ойында бұрыштама добы кез келген команда үшін үлкен көзір! Дәл, бұрыштама добынан кейін Росси, Вальдес қорғаған қақпада допты тулатты. Әрине, тышқанды тапқан мысықша католындықтар шабуылға тап берді. Бас айналдырарлық шабуылдардан кейін, бірінші тайм қалай аяқталғаны да байқалмады. Католындықтардың гол, тіпті голдар салуы уақыттың еншісінде, екінші таймда қарсыластарын тас-талқан етеді деп күтілген, солай көрінген де.. Бірақ, екінші таймда түс көргендей болдық. Неймардың қақпадан жоғары тепкен добынан басқа, алаң иелерінің айып алаңында қауіпті сәт болған жоқ. Үзілістен кейін, мұндай азусыз тики-такты көреміз деп кім ойлаған. Әрине, "Вальядолидтің" де сіңірген еңбегі зор. Қарсыластарына орталық алаңды еркін өтуіне жол ашып, айып алаңына жақындай берген кезде, допты тартып алып, бірнеше рет Вальдес қорғаған қақпаға қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. "Барселонаның" кезекті жеңілісі. Әділетті жеңілісі. Сөзсіз, даусыз жеңілісі! Бұлай жалғаса берсе, жақында "Камп Ноуға" қонаққа келетін "Манчестер Ситиде" "блауграна" жұлдыздарын сан соқтыруы мүмкін. "Барселонада" күрделі проблема бар. Сырт көзге байқалмағанымен, команданың тығырыққа тіреліп жатқаны сөзсіз. Бірақ қандай? Сылбыр ойынның сыры неде? Мотивацияның жоқтығын немен түсіндіруге болады? Кінә жаттықтырушыда ма, әлде одан да тереңіректе ме? Әлде, бұл жай ғана қарсыластарын бағалай білмеуі ме? Бұл сұрақтардың барлығына дәл бүгін жауап алу мүмкін емес. "Қалалықтармен" қарымта ойын, "эль-классико", маусымның аяғы ғана бұл сұрақтарға жауап бермек.

8 наурыз. Вальядолид. Стадион "Нуэво Хосе Соррилья". Төреші - Алехандро Эрнандес (Санта-Крус-де-Тенерифе).

ВАЛЬЯДОЛИД - БАРСЕЛОНА - 1:0 (1:0)
 Росси, 17 (1:0).
Вальядолид Барселона
 Диего Мариньо  Виктор Вальдес
 Карлос Пенья  Адриано
 Марк Вальенте, 59  Хавьер Маскерано
 Стефан Митрович  Херард Пике, 72
 Антонио Рукавина  Даниэл Алвес
 Хесус Руэда  Сеск Фабрегас, 61
 Закарья Бергдих  Серхио Бускетс
 Альваро Рубио  Хави
 Фаусто Росси  Неймар, 74
 Хави Герра  Педро
 Манушу, 66  Лионель Месси
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Луис Састре, 59  Алексис Санчес, 61
 Оскар, 66  Серхи Роберто, 72
   Кристиан Тельо, 74

Ескертулер:

 Закарья Бергдих, 46  Херард Пике, 65
 Фаусто Росси, 52  
 Карлос Пенья, 75  
 Альваро Рубио, 87  
 Луис Састре, 90+1  

 

"Барселона" жеңілісінен кейін, "Атлетико Мадридке" оларды басып озып, "Реалмен" ұпай санын теңестіруге мүмкіндік туды. 27-ші турда қонаққа өз алаңында нәтижелі ойын өрнегін көрсететін "Сельтаға" барды. Команданың басты сұрмергені Диего Коста сары қағаздардың жиналуына байланысты алаңға шықпайды. Бірақ, онсыз да "матрасниктердің" шабуыл өті осал емес екені белгілі. "Атлетико" алдында тағы бір мақсат: көп күш жұмсамай жеңіске жету керек, себебі сейсенбі күні Чемпиондар Лигасында "Миланға" қарсы қарымта ойын болмақ. Бір голға басымдылық, басымдылық болғанымен де өте қауіпті. "Атлетико Мадрид" бұл ойында көздегендей-ақ оңай жеңіске жетті. Ойын тағдырын шешкен екінші таймдағы екі минут ішінде Вильяның соққан екі голы. Барсаны бір ұпай артта қалдырып, "Реал Мадридті" уақытша болса да қуып жеткен "матрасниктертің" ендігі мақсаты еурокубокте ширек финалға шығу.
 

8 наурыз. Виго. Стадион "Балаидос". Төреші - Матеу Лаос (Валенсия).

СЕЛЬТА - АТЛЕТИКО - 0:2 (0:0)
 Вилья, 62 (0:1). Вилья, 64 (0:2).
Сельта Атлетико
 Йоэль  Тибо Куртуа
 Хонни Кастро  Фелипе
 Андреу Фонтас  Тоби Алдервейрелд
 Густаво Кабрал  Жоао Миранда
 Уго Мальо  Хуанфран
 Микаэль Крон-Дели, 74  Марио Суарес
 Борха  Габи
 Алекс Лопес  Коке, 60
 Нолито  Диего, 74
 Фабио Орельяна, 60  Рауль Гарсия
 Шарлес, 69  Давид Вилья, 84
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Аугусто Фернандес, 60  Хосе Эрнесто Соса, 60
 Санти Мина, 69  Кристиан Родригес, 74
 Леви Мадинда, 74  Адриан, 84

Ескертулер:

 Шарлес, 19  Габи, 9
   Марио Суарес, 31
   Жоао Миранда, 67

 

Ал, Криштиану бастаған жігіттер өз алаңында "Левантені" қабылдады. Қарсылас "Леванте". Бұл ұжым соңғы бес матч көлемінде жеңілістің ащы дәмін татпаған. Бірақ, бүгін ол статистиканы бұзылуы әбден мүмкін. Себебі, барлық турнирлерді қосқанда соңғы 29 ойын көлемінде қарсыластарына тізе бүкпеген  "корольдік клуб", басты қарсыласы "Барселонадан" 4 ұпай ұзау мүмкіндігін қолдан жіберіп қойа қоймас. Оған негізгі құрамның жігіттері де сақадай сай. Сақадай сайлығын ойын барысында- ақ көрсетті. Әр таймның басында бір-бірден соғылған, "Леванте" ойыншысының алаңнан қуылуынан кейін соғылған голдар осыған дәлел.  "Реалдың" сенімді ірі жеңісі!

9 наурыз. Мадрид. Стадион "Сантьяго Бернабеу". Төреші - Иглесиас Вильянуэва (Пуэнтедеуме).

РЕАЛ МАДРИД - ЛЕВАНТЕ - 3:0 (1:0)
 Криштиану Роналду, 11 (1:0). Марсело, 49 (2:0). Карабелас, 81 - өз қақпасына(3:0).
Реал Мадрид Леванте
 Диего Лопес  Кейлор Навас
 Марсело  Никос Карабелас
 Серхио Рамос  Хуанфран
 Рафаэль Варан, 69  Давид Наварро
 Даниэль Карвахаль  Лукас Винтра
 Анхель Ди Мария  Андреас Иваншитц
 Хаби Алонсо  Мигель Пальярдо, 69
 Лука Модрич, 74  Мохамед Сиссоко
 Гарет Бэйл  Педро Лопес
 Криштиану Роналду  Давид Барраль, 87
 Карим Бензема, 82  Серхио Пинту, 74
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Начо, 69  Иссам Эль Адуа, 69
 Иско, 74  Альберто Нагоре, 74
 Хесе, 82  Анхель, 87

Ескертулер:

 Серхио Рамос, 54  Лукас Винтра, 58
 Анхель Ди Мария, 58  Мигель Пальярдо, 62
   Давид Наварро, 64

 

Испан Примьерасының, 27-ші тур  ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар; Бетис-Хетафе-2:0 Голдар: Лео Баптистао, 16(1:0). Рубен Кастро, 39(2:0). Гранада-Вильяреал-2:0 Голдар: Фран Рико, 23(1:0, пенальтиден). Эль-Араби, 33(2:0). Эспаньол-Эльче-3:1 Голдар: Давид Лопес, 2(1:0). Колотто, 21(2:0). Пицци, 58(3:0). Фуэнтес, 88(3:1, өз қақпасына) Альмерия-Севилья-1:3 Голдар: Бакка, 31(0:1). Каррису, 51(0:2). Гамейро, 77(0:3). Видаль, 85(1:3). Валенсия-Атлетик-1:1 Голдар: Пако Алькасер, 23(1:0). Адурис, 53(1:1, пенальтиден).

Турнир кестесі .

 

М  Клуб ойын жеңіс тең жеңіліс доп айырымы ұпай
1  РЕАЛ МАДРИД 27 21 4 2 76-26 67
2  АТЛЕТИКО 27 20 4 3 63-21 64
3  БАРСЕЛОНА 27 20 3 4 74-22 63
4  АТЛЕТИК 27 15 6 6 50-31 51
5  ВИЛЬЯРРЕАЛ 27 13 5 9 47-33 44
6  РЕАЛ СОСЬЕДАД 26 12 7 7 46-36 43
7  СЕВИЛЬЯ 27 11 8 8 47-42 41
8  ВАЛЕНСИЯ 27 10 6 11 39-38 36
9  ЭСПАНЬОЛ 27 10 6 11 32-33 36
10  ЛЕВАНТЕ 27 9 9 9 26-34 36
11  СЕЛЬТА 27 8 6 13 32-39 30
12  ГРАНАДА 27 9 3 15 24-36 30
13  ОСАСУНА 26 8 5 13 24-39 29
14  ЭЛЬЧЕ 27 7 8 12 24-40 29
15  ХЕТАФЕ 27 7 6 14 23-42 27
16  МАЛАГА 26 6 8 12 24-35 26
17  ВАЛЬЯДОЛИД 27 5 11 11 29-44 26
18  АЛЬМЕРИЯ 27 7 5 15 26-49 26
19  РАЙО ВАЛЬЕКАНО 26 7 2 17 26-59 23
20  БЕТИС 27 4 6 17 23-56 18

 

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×