Ағылшын Примьер-Лигасы. Көш басында «Манчестер Сити»

30.01.2014, 16:21
  Ағылшын Примьер-Лигасы. Көш басында «Манчестер Сити»
Ағылшын Примьер-Лигасына шолуымызды, турдың орталық ойыны "Тоттенхэм" мен "Манчестер Сити" кездесуімен басталық. Бірінші айналымда, қалалықтардың,  "Этихад" стадионыңда  "Тоттенхэмнің" тас-талқаның шығарғаны жанкүйерлер есіңде шығар. Сол жеңіліс, кейін Виллаш-Боаштың орынынан кетудің себебінің басы болған. Өз алаңында, өз жанкйерлері алдында есе қайтарар күн туды, бүгін лондондықтар үшін.  Командалар арасы 7 ұпай. Егер, Пеллегрини шәкірттері жеңіске жетіп жатса ұпай жоғалтқан "Арсеналды" басып озып, көш бастамақ. Барсаның жанкүйерлерің ренжіткім келмейді, әрине, бірақ командамыз "Ман Ситиден" оңай өтеді деп ойламаңыздар. Былтырғы Манчинидің командасы басқа, қазіргі Пеллегри командасы басқа. Бүгінгі команда пісіп жетілген, жеңіске деген сенімдері мол ұжым. Құрамдағы ойыншыларының көбі сол болса да, осы басты қасиеттер жетіспейтұғын алдыңғы жылдары. Бүгін де дәл бірінші айналымдағы секілді, жермен-жексен етті, "Тоттенхэмді". Не дейміз," қалалықтар" нағыз чемпиондарға тән ойын көрсетуде. 1-ші орынға шықты. Егер де, маусым аяғында да сол орында болса, таңғалудың қажеті жоқ. "Тоттенхэмнің" шарасыздығы, осалдығы көрініп тұр. Проблема жаттықтырушыда емес, одан да терең де. Егер ұжым тығырықтан шығар жол таппаса, бара-бара  Еуропа лигасына қолы жетпейтін ортаң қол командаға айналып кетуі мүмкін.

29 қаңтар. Лондон. Стадион "Уайт Харт Лэйн". Төреші - Андре Марринер (Бирмингем).

ТОТТЕНХЭМ - МАНЧЕСТЕР СИТИ - 1:5 (0:1)
 Агуэро, 15 (0:1). Туре, 51-пенальтиден (0:2). Джеко, 54 (0:3). Капу, 59 (1:3). Йоветич, 78 (1:4). Компани, 89 (1:5).
Тоттенхэм Манчестер Сити
 Уго Льорис  Джо Харт
 Кайл Уокер  Пабло Сабалета
 Майкл Доусон  Венсан Компани
 Влад Кирикеш  Мартин Демичелис
 Дэнни Роуз  Гаэль Клиши
 Набиль Бенталеб  Фернандиньо
 Мусса Дембеле, 46  Яя Туре, 64
 Аарон Леннон  Давид Сильва, 80
 Кристиан Эриксен, 83  Хесус Навас
 Гюльфи Сигурдссон, 55  Эдин Джеко
 Эммануэль Адебайор  Серхио Агуэро, 45
Ойын барысыңда алаңға шыққандар
 Этьен Капу, 46  Стеван Йоветич, 45
 Кайл Нотон, 55  Матия Настасич, 64
 Льюис Холтби, 83  Александар Коларов, 80

Ескертулер

 Кайл Нотон, 64  Яя Туре, 33
   Мартин Демичелис, 40
   Серхио Агуэро, 41
   Пабло Сабалета, 76
 Дэнни Роуз, 50  
Арсен Венгер шәкірттері соңғы 5 ойын көлемінде ұпай жоғалтпай келеді. Көш басындағы “Арсенал”, 23-ші турда, қонаққа “Саутгемптонға” барды. Бұл команда бірінші айналымның сенсациясы. Қатарынан 3-4 тур бойы 3-ші орыннан түспей тұрған. Бірақ кейін, көшбасшылармен болған ойынның бәрінде жеңіліс тауып, кестенің ортасына түсіп кеткен. Бірінші айналымда, дәл осы “Арсеналға” жеңілісінен кейін, Почетино шәкірттерінің кестеде төмен қарай сырғуы басталған еді. Бүгін, Почетино өз ойыншыларын, “Арсеналға” қарсы жігерлендіре білді. Өзгені емес, өздерін де таңғалдырып, бүкіл бірінші тайм бойы, Лонданнаң келген қонақтардан басым болды. Ойын тізгіні қолдарында болды, шабуылдады, допқа иелік етті, егер доптан айырылса жоғарғы қысым жасап, “футбол снарядын” қайтарып алды. Ол өз жемісін беріп, тайм ортасындa, Шоудың оң қанаттан асырылған пасынан, Фонте екінші қабатта Монреальдан айласын асырып есеп ашты. Екінші таймның басында,голдарды жаңбырша жаудырған 6 минут болды. “Арсенал” есепті теңестіріп, қала берді алға шықса, кейін алаң иелері есепті теңестірді. Гол авторлары-Жиру, Касорла және Лаллана. Осыдан кейін, алаңда тең ойын өрбіді. Екі команда да алға шығатын мүмкіндіктері болған. Матч аяқталуға 10 минут қалған кезде, Фламини қызыл қағазға ие болып, командасын қиын жағдайға қалдырды. Бірақ, алаң иелері Щенсны қорғайтын қақпадын саңылау таба алмай, ойын тең нәтижемен аяқталды. Осылай, күтпеген жерден сүрінген “зеңбірекшілерді”, екінші орынға “Манчестер Сити” сырғытуы мүмкін.

28 қаңтар. Саутгемптон. Стадион "Сент-Мэрис". Төреші- Ли Мэйсон (Бостон).

САУТГЕМПТОН - АРСЕНАЛ - 2:2 (1:0)
 Фонте, 21 (1:0). Жиру, 48 (1:1). Санти Касорла, 52 (1:2). Лаллана, 54 (2:2).
Саутгемптон Арсенал
 Артур Боруц  Войцех Щесны
 Калум Чамберс  Бакари Санья
 Жозе Фонте  Пер Мертесакер
 Майя Йошида  Лоран Косельни
 Люк Шоу  Начо Монреаль
 Морган Шнайдерлен  Матье Фламини
 Джек Корк  Микель Артета
 Стивен Дэвис, 89  Серж Гнабри, 70
 Адам Лаллана  Месут Озил
 Джей Родригес  Санти Касорла, 86
 Сэм Галлахер, 70  Оливье Жиру, 90
Ойын барысыңда алаңға шыққандар
 Джеймс Уорд-Праус, 70  Алекс Чемберлен, 70
 Гули, 89  Киран Гиббс, 86
   Лукас Подольски, 90

Ескертулер

 Джеймс Уорд-Праус, 90+7  Оливье Жиру, 31
   Матье Фламини, 80

 

Манчестер Юнайтед” жанкүйерлерін, қазіргі таңда, “Кардифф” сияқты командаларға қарсы ойында алаңдататын жайы бар. Осы маусымда, “қызыл сойқандар” ортаң қол, тіпті аутсайдер командаларға қарсы да, ойламаған жерден біраз сүрінгені бар. Жақында ғана құрамы, әлемнің үздік жартылай қорғаушыларының бірімен толыққан Мойес шәкірттері, қаңтар айын жеңіспен аяқтағысы келетіні анық. Матаның бірінші ойыны қалай өтеді деген сұрақ, ол да бар. Ойын толық алаң иелерінің басымдылығымен басталды. 6-шы минутта, жарақатынан жақында айығып алаңға оралған, ван Перси есеп ашты. Бірақ, таймның аяғына дейін қонақтар ойын тізгінің қолға алып, шабуылдағанымен есеп 1:0 есебімен ақталды. Екінші таймда Янг, индивидуалдық шеберлігінің арқасында, есепті еселеді. Жеңіске жетіп, “қызыл сойқандар” алтыншы орындағы “Эвертонға” жақындады. Әлем назарын өзіңе аудартқан Мата, жарқын ойын өрнегімен көзге түсіп, нәтижелі пас иесі атанды.

28 қаңтар. Манчестер. Стадион "Олд Траффорд". Төреші - Крэйг Поусон (Лондон).

МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД - КАРДИФФ СИТИ - 2:0 (1:0)
 Ван Перси, 6 (1:0). Янг, 59 (2:0).
Манчестер Юнайтед Кардифф Сити
 Давид Де Хеа  Дэвид Маршалл
 Рафаэл  Кевин Макнотон
 Крис Смоллинг  Стивен Кокер
 Джонни Эванс  Марк Хадсон, 69
 Патрис Эвра  Деклан Джон
 Фил Джонс  Джордан Мутч, 52
 Антонио Валенсия  Гари Медель
 Райан Гиггз, 71  Питер Уиттингем
 Эшли Янг  Крейг Нун, 78
 Хуан Мата, 84  Крейг Беллами
 Робин Ван Перси, 63  Фрейзер Кэмпбелл
Ойын барында алаңға шыққандар
 Уэйн Руни, 63  Ким Бо Кьюн, 52
 Том Клеверли, 71  Бен Тернер, 69
 Аднан Янузай, 84  Матс Меллер Дели, 78

Ескерту

   Крейг Беллами, 21
  “Ливерпуль” мен “Эвертон” қарсыластығы, Англиядағы ең бір қызықты текетірестердің бірі. Қазір екі команда арасын бір ұпай ғана бөліп тұр. Екеуі де Чемпиондар лигасындағы орынға таласуда. Жалпы, дербидегі жеңіс психологиялық басымдылық. “Маусымдағы барлық ойынды жеңілсең де, дербиде есе жіберме”-дейді, “Галатасарай”, “Фенербахче” мен “Бешікташ” жанкүйерлері Стамбулда. Осы бекер айтылмаса керек. Жан беріп, жан алысар ойын болғалы тұр деп ойлағанмын.... Матч баяу жылдамдықпен басталып, уақыт өте келе “Ливерпуль” басымдылықты қолына алып, капитан Джеррард есеп ашты. Есепті теңестіруге тырысқан “Эвертон”, бірнеше шабуылдар жасады. Мүмкін осы кезде есепті теңестіріп үлгергенде, матч сценариі басқаша өрбір ме еді. 2 минут ішінде, “Эвертон” қорғанысы қателік жіберіп, екеуінде де, “Старридж” таблода өз атын жазғызды. Ойын тағдыры бірінші таймда-ақ шешілді. Екінші таймда “сұр мерген” Суарес те гол авторы атанды. Есепті Старридж, пенальтиден 5-0-ге жеткізуге мүмкіндік болған. Жерлестерін жермен-жексен еткен “Ливерпуль”, 4-ші орнын сақтап қалды.

28 қаңтар. Ливерпуль. Стадион "Энфилд". 

Төреші - Мартин Аткинсон (Лидс).

ЛИВЕРПУЛЬ - ЭВЕРТОН - 4:0 (3:0)
 Джеррард, 21 (1:0). Старридж, 33 (2:0). Старридж, 35 (3:0). Суарес, 50 (4:0).
 Старридж, 54 (қақпадан биік).
Ливерпуль Эвертон
 Симон Миньоле  Тим Ховард
 Джон Флэнэган, 73  Джон Стоунс
 Мартин Шкртел  Антолин Алькарас
 Коло Туре  Фил Джагиелка
 Али Сиссоко  Лейтон Бэйнс
 Стивен Джеррард  Гарет Бэрри
 Джордан Хендерсон  Джеймс Маккарти
 Филиппе Коутиньо, 79  Росс Баркли, 76
 Рахим Стерлинг  Стивен Пинар, 46
 Луис Суарес  Кевин Миральяс
 Даниэль Старридж, 72  Ромелу Лукаку, 25
Ойын барысыңда алаңға шыққандар
 Виктор Мозес, 72  Стивен Найсмит, 25
 Мартин Келли, 73  Леон Осман, 46
 Луис Альберто, 79  Эйден Макгиди, 76

Ескертулер

   Стивен Пинар, 38
   Гарет Бэрри, 45+2
   Кевин Миральяс, 52
  Ағылшын Примьер-Лигасының қалған ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар: Челси -Вест Хэм-0:0 Норвич-Ньюкасл-0:0 Суонси-Фулхэм-2:0 Голдар: Шелви, 61(1:0). Чико, 76(2:0) Кристал Пэлас-Халл Сити-1:0 Гол: Панчон,16(1:0) Астон Вилла-Вест Бромвич-4:3 Голдар: Брант, 4(0:1). Дельф, 9(0:2. өз қақпасына). Вайманн, 12(1:2). Бакуна, 24(2:2). Дельф, 37(3:2). Мулумбу, 43(3:3). Бентеке, 64(4:3. пенальтиден) Сандерленд-Сток Сити-1:0 Гол: Джонсон: 17(1:0)

 

Турнир кестесі.

 

М  Команда Ойын Жеңіс Тең Жеңіліс Доп айырымы Ұпай
1  МАНЧЕСТЕР СИТИ 23 17 2 4 68-26 53
2  АРСЕНАЛ 23 16 4 3 45-21 52
3  ЧЕЛСИ 23 15 5 3 43-20 50
4  ЛИВЕРПУЛЬ 23 14 4 5 57-28 46
5  ТОТТЕНХЭМ 23 13 4 6 30-31 43
6  ЭВЕРТОН 23 11 9 3 35-24 42
7  МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД 23 12 4 7 38-27 40
8  НЬЮКАСЛ 23 11 4 8 32-28 37
9  САУТГЕМПТОН 23 8 8 7 31-27 32
10  АСТОН ВИЛЛА 23 7 6 10 26-32 27
11  СУОНСИ 23 6 6 11 29-33 24
12  НОРВИЧ 23 6 6 11 18-35 24
13  ХАЛЛ СИТИ 23 6 5 12 22-29 23
14  КРИСТАЛ ПЭЛАС 23 7 2 14 15-31 23
15  ВЕСТ БРОМВИЧ 23 4 10 9 27-33 22
16  СТОК СИТИ 23 5 7 11 22-37 22
17  САНДЕРЛЕНД 23 5 6 12 22-36 21
18  ВЕСТ ХЭМ 23 4 7 12 22-33 19
19  ФУЛХЭМ 23 6 1 16 22-50 19
20  КАРДИФФ СИТИ 23 4 6 13 17-40 18

 

  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Келесі жаңалық
Үзілмейтін үміт...
Серіктес жаңалықтары
×