Ағылшын Примьер-Лигасы. Қанды шайқас

03.02.2014, 16:57
    Ағылшын Примьер-Лигасы. Қанды шайқас
Білесіз бе, егерде мен “Сток Сити”-“Манчестер Юнайтед” матчынан кейін, жаттықтырушылардан сұхбат алу құрметіне ие болған болсам, онда мен қос жаттықтырушыдан:- “сіздер футболшыларыңызды, бұл матчқа футбол ойнату үшін әкелдіңіздер ме, әлде талпаға талпа төбелеске әкелдіңіздер ме?”-деп, сұраған болар ем. . Енді, бұндай сұрақты оған кереметтей себеп болған соң қоясың. “Британиа” стадионындағы ойынды футболға емес, төбелеске ұқсаттым. Сондай дөрекі, қанды, футболға жат қылықтар көп болды бұл ойында. Өзгені де, өздерінде аяған жоқ. Бір қызығы ойында 4-ақ ескерту, бірде-бір алаңнан қуылу болған жоқ. Соған қарап, бас төреші Нил Сварбрикті дүние жүзіндегі ең салқын қанды төреші ма дейсің. Бұл төбелесте, кешіріңіздер, футбол матчында “Сток Сити” жеңіп, “қызыл сойқандар” жеңілді.  

1 ақпан. Сток-он-Тренте. Стадион "Британниа". Төреші - Нил Сварбрик (Ланкашир).

СТОК СИТИ - МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД - 2:1 (1:0)
 Адам, 38 (1:0). Ван Перси, 47 (1:1). Адам, 52 (2:1).
Сток Сити Манчестер Юнайтед
 Асмир Бегович  Давид Де Хеа
 Джефф Камерон  Крис Смоллинг
 Райан Шоукросс  Фил Джонс, 45
 Марк Уилсон  Джонни Эванс, 11
 Эрик Питерс  Патрис Эвра
 Гленн Уилан, 83  Майкл Кэррик
 Чарли Адам  Том Клеверли
 Джонатан Уолтерс, 60  Эшли Янг
 Марко Арнаутович, 72  Хуан Мата
 Питер Одемвингие  Уэйн Руни
 Питер Крауч  Робин Ван Перси, 78
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Стивен Айрлэнд, 60  Рафаэл, 11
 Усама Ассаиди, 72  Дэнни Уэлбек, 45
 Уилсон Паласиос, 83  Хавьер Эрнандес, 78

Ескертулер:

 Джонатан Уолтерс, 58  Уэйн Руни, 54
 Джефф Камерон, 90  Майкл Кэррик, 83
“Арсенал” кем дегенде бір күнге, Примьер-Лигадағы көшбасшылық орнын қайтарып алды. Егер ертен “ақсүйектермен” ойында “қалалықтар” сүрініп жатса, онда бірінші орнын кем дегенде бір аптаға сақтап қалмақ. 24-ші тур ойынында Венгер шәкірттері өз алаңында аутсайдер, “Кристал Пэласты” қабылдап жеңіске жетті. Арсеналдың жеңісіне ойын алдында ешкімнің де шүбә келтірмегені анық. Бірақ...бірақ.. Кешегі,  “Барселона”-“Валенсия” ойыны тағы да,  ешқандай ойынды алдын ала болжау бекер екенін, доптың домалақ екенін тағы да айқындап берген болатын. Дегенмен де, “зеңбірекшілер” өз алаңында, ойыннан ойынға прогесс жасап келе жатқан, жас Чемберлен дублінің арқасында жеңіске жетті. Енді ертенгі орталық матчты күтеді. “Ливерпуль” сүрінді, егер ертен “Челси”,  “Манчестер Ситиді” жеңіп жатса, онда” Арсенал” үшін нұр үстіне нұр болар еді.  

2 қаңтар. Лондон. Стадион "Эмирейтс". Төреші - Джонатан Мосс (Йоркшир).

АРСЕНАЛ - КРИСТАЛ ПЭЛАС - 2:0 (0:0)
 Чемберлен, 47 (1:0). Чемберлен, 73 (2:0).
Арсенал Кристал Пэлас
 Войцех Щесны  Хулиан Сперони
 Бакари Санья  Джоэл Уорд
 Пер Мертесакер  Дэнни Гэббидон
 Лоран Косельни  Дэмьен Дилэйни
 Начо Монреаль  Джонатан Парр
 Микель Артета  Кахишо Дикхачои
 Алекс Чемберлен  Миле Единак
 Санти Касорла  Джейсон Панчон
 Месут Озил, 84  Янник Боласи
 Лукас Подольски, 72  Камерон Джером, 56
 Оливье Жиру, 84  Маруан Шамах, 82
Ойын барысында алаңға шыққандар
 Томаш Росицки, 72  Барри Бэннэн, 56
 Киран Гиббс, 84  Дуайт Гэйл, 82
 Никлас Бендтнер, 84  

Ескертулер:

 Пер Мертесакер, 86  Маруан Шамах, 42
   Дэмьен Дилэйни, 68

 

Сізді, “осы неге соңғы жылдары “Ливерпуль” чемпиондыққа таласпайды, тіпті неге Чемпиондар Лигасына жолдама беретін орындардан көрінбейді?”- деген сұрақ мазалайтын болар? Жауап-қарапайым. Нәтижеде тұрақтылық жоқ.  Иә, сөз жоқ “Ливерпуль” “Эвертонды” ойсыратай жеңуі мүмкін, иә, лидерлерге қиындық тудыртуы мүмкін, оларды жеңуі мүмкін, бірақ аутсайдерлерге келгенде көп сүрінетіні бар. Ондай қиындық, Арсеналда да болған, бірақ олар бұл маусымда ол күрделі мәселені шеше білді, нәтиже көзге ұрып тұр, көш басында, әнікей. Иә, ондай қиындық “қалалықтарда” да болған, олар да жеңе білді, нәтиже белгілі, қазір Англиядағы ең тұрақты ойын көрсететін команда. Ащы болса да шындық, “Ливерпуль” де осы қиындықты жеңе білмесе, чемпиондықты түстерінде көреді, тіпті Чемпиондар Лигасына жолдама алуы да шешілмеген сұрақ. Кезекті турда, Роджерс шәкірттері “Вест Бромвичке” қарсы ойында сүрінді. Старридж голынан кейін алға шыққанымен, екінші таймда босаңсып жауапты голды жіберіп алды. Өткен турда ғана, ойсырай жеңілген “Эвертон” мен “қызылдар” арасы енді 2 ұпай.

2 ақпан. Вест Бромвич. Стадион "Хауторнс". 26132. Төреші - Кевин Френд (Лестершир).

ВЕСТ БРОМВИЧ - ЛИВЕРПУЛЬ - 1:1 (0:1)
 Старридж, 24 (0:1). Аничебе, 67 (1:1).
Вест Бромвич Ливерпуль
 Бен Фостер  Симон Миньоле
 Билли Джонс  Джон Флэнэган, 74
 Гарет Маколи  Мартин Шкртел
 Юнас Ольссон, 41  Коло Туре
 Лайам Риджуэлл  Али Сиссоко
 Юссуф Мулумбу  Стивен Джеррард
 Клаудио Якоб  Джордан Хендерсон
 Золтан Гера  Рахим Стерлинг
 Крис Брант  Филиппе Коутиньо, 74
 Саидо Берахино, 64  Даниэль Старридж
 Матей Выдра, 76  Луис Суарес
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Диего Лугано, 41  Мартин Келли, 74
 Виктор Аничебе, 64  Джо Аллен, 74
 Грэм Дорранс, 76  

Ескетулер:

 Клаудио Якоб, 15  Луис Суарес, 74
 Лайам Риджуэлл, 62  Стивен Джеррард, 81
 Юссуф Мулумбу, 82  
 Диего Лугано, 86  
Ағылшын Примьер-Лигасының қалған ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар: Ньюкасл-Сандерленд-0:3 Голдар: Борини, 19(0:1 пенальтиден). Джонсон, 23(0:2). Колбэк, 80(0:3). Вест Хэм-Суонси-2:0 Голдар: Нолан, 26(1:0). Нолан, 45+1(2:0). Кардифф Сити-Норвич-2:1 Голдар: Снодграсс, 5(0:1). Беллами, 49(1:1). Джонс, 51(2:1). Эвертон-Астон Вилла-2:1 Голдар: Бакуна, 34(0:1). Найсмит, 74(1:1). Миральяс, 85(2:1). Фулхэм-Саутгемптон-0:3 Голдар: Лаллана, 64(0:1). Ламберт, 70(0:2). Родригес, 75(0:3). Халл Сити-Тоттенхэм-1:1 Голдар: Лонг, 12(1:0). Паулиньо, 61(1:1). Ескерту:  Бүгін түнде турдың орталық матчы, “Манчестер Сити-Челси” ойыны өтетін болады. Оның нәтижесінен, ертең сайтымызда хабардар болатын боласыздар.

Турнир кестесі.

 

М  Клуб ойын жеңіс тең жеңіліс доп айырымы ұпай
1  АРСЕНАЛ 24 17 4 3 47-21 55
2  МАНЧЕСТЕР СИТИ 23 17 2 4 68-26 53
3  ЧЕЛСИ 23 15 5 3 43-20 50
4  ЛИВЕРПУЛЬ 24 14 5 5 58-29 47
5  ЭВЕРТОН 24 12 9 3 37-25 45
6  ТОТТЕНХЭМ 24 13 5 6 31-32 44
7  МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД 24 12 4 8 39-29 40
8  НЬЮКАСЛ 24 11 4 9 32-31 37
9  САУТГЕМПТОН 24 9 8 7 34-27 35
10  АСТОН ВИЛЛА 24 7 6 11 27-34 27
11  СТОК СИТИ 24 6 7 11 24-38 25
12  СУОНСИ 24 6 6 12 29-35 24
13  ХАЛЛ СИТИ 24 6 6 12 23-30 24
14  САНДЕРЛЕНД 24 6 6 12 25-36 24
15  НОРВИЧ 24 6 6 12 19-37 24
16  ВЕСТ БРОМВИЧ 24 4 11 9 28-34 23
17  КРИСТАЛ ПЭЛАС 24 7 2 15 15-33 23
18  ВЕСТ ХЭМ 24 5 7 12 24-33 22
19  КАРДИФФ СИТИ 24 5 6 13 19-41 21
20  ФУЛХЭМ 24 6 1 17 22-53 19

 

Сұрмергендер тізімі: 1.  Луис Суарес(Ливерпуль)-23 2. Серхио Агуэро(Манчестер Сити)-15 3. Даниэль Старридж(Ливерпуль)-14 4. Яя Туре (Манчестер Сити)-12(3) 5.Лоик Реми(Ньюкасл)-11   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×