Испан Примьерасы. “Жарғанаттар” көктегі жұлдыздарды жерге бір-ақ түсірді

03.02.2014, 17:11
    Испан Примьерасы. “Жарғанаттар” көктегі жұлдыздарды жерге бір-ақ түсірді
Бара-бара құрдымға кетіп бара жатқан, жақында ғана бірнеше негізгі ойыншыларынан айырылған “Валенсия”, “Камп Ноуда” “блаугрананы” тізе бүктірді. Сіз бен біз күтпеген нәтиже. Егер, осыдан бес жылдай бұрын “Барселона”-“Валенсия” ойыны турдың орталық матчы болып есептелсе, қазір жағдай мүлдем басқа.  “Валенсия” бұрынғы команда емес, қайта құрылып жатқан ұжым. Ал “Барселона”, былтыр “Бавариядан” ойсырай жеңілгеннен кейін, өз алаңында ешкімге есе жібермеген. Тіпті, тең нәтиженің соңғы рет қашан болғаны есіме түспей тұрғаны... Егер, “Валенсия” жеңіске бұл матчта лайық болмады деп есептесеңіз, бұл қателік. Әрине, сөз жоқ, ойын тізгіні Барсаның қолында болды. Ол түсінікті де, “Камп Ноуда” ойын тізгіні католондықтар қолында болмаса, енді кімнің еншісінде болады? Бірақ, “жарғанаттар” бірінші таймның аяғында ойын сценарийін өзгерте білді. Оған дейін, толықтай басымдылық “блаугранада” болды. Жылдам гол соққан “Барса”, жарты сағат ішінде тағы 3-4 гол салатын мүмкіндіктері болған. Бірінші таймның аяқ жағында, қонақтар ойын тізгінің өз қолдарына алып, есепті теңестірді. Бұл гол, “Барсаға да қарсы ойнауға болады екен”- деген сенімділікті, қонақтар бойына сіңірген болуы керек, екінші таймның басында “Валенсия” алға шықты. Бірақ, жуық арада Месси есепті теңестірді. Тіпті, аргентиналық гений голы да, “жарғанаттар” бойындағы сенімділікті өшіре алған жоқ, 5 минуттан соң-ақ қонақтар алға шықты. Енді, “Барселона” еншісінде есепті теңестіруге жарты сағат уақыты болған. Хуан Пицци шәкірттері ұқыпты қорғана біліп, тең жағдайды болдыра қойған жоқ. Шыны керек, оларға 78-ші минуттағы Альбаның алаңнан қуылуы да көмектесті. Жеңілістен жерге кіре жаздаған “Барселонаны”, келесі күні мадридтік екі клуб та басып озуы мүмкін. Мен әлі комментатор емеспін, ойын барысында кімнің жанкүйері екеніңінді білдірмеуге тырысатын, және соған міндетті. “Барселонаға” бүйрегім бұрып тұрарын  жасыра алмаймын. Сол себепті, мүмкіндік бар кезде, менің  қызығушылығымды тудыртқан команда жайлы  өз ойымды айтқым келеді. “Блауграна” бұл жеңілісіне өздерін ғана кінәлауы керек, “Валенсияның” тас қамал қорғанысын емес, Хорди Альбаны,  алаңнан қуған бас қазыны емес. Білесіз бе, кейде “Барселона” ортаң қол, немесе аутсайдер командамен ойнаған кезде, қарсыластың күшін бағалай білмейді. “Жеңісті құдай терезеден бере салады”- деген ой бар каталондықтарда. Оларға қарсы ойнауды кез келген ұжымның үйренгенін, және кез келген жеңіс сол аяқпен ойнағанның өзіңде-ақ келе салатын, Гвардиола кезі емес екенін түсінетін кез келді.

1 қаңтар. Барселона. Стадион "Камп Ноу". Төреші - Педро Монтеро (Альмерия).

БАРСЕЛОНА - ВАЛЕНСИЯ - 2:3 (1:1)
 Санчес, 7 (1:0). Парехо, 44 (1:1). Пьятти, 48 (1:2). Месси, 53-пенальтиден (2:2). Пако Алькасер, 59 (2:3).
Барселона Валенсия
 Виктор Вальдес  Диего Алвес
 Хорди Альба  Хуан Бернат
 Хавьер Маскерано  Жереми Матье
 Херард Пике  Рикарду Кошта
 Даниэл Алвес  Антонио Барраган
 Хави, 65  Хави Фуэго
 Серхио Бускетс  Ориоль Ромеу
 Сеск Фабрегас, 77  Пабло Пьятти, 87
 Педро  Даниэль Парехо, 90+3
 Алексис Санчес  Софиан Фегули
 Лионель Месси  Пако Алькасер, 73
Ойын барысында алаңға шыққандар
 Андрес Иньеста, 65  Эдуардо Варгас, 73
 Кристиан Тельо, 77  Федерико Картабия, 87
   Мичел, 90+3

Ескертулер:

 Хорди Альба, 51  Даниэль Парехо, 45+1
 Хорди Альба, 78  Рикарду Кошта, 53
 Хавьер Маскерано, 79  Диего Алвес, 90+4
“Барсаның” сенсациялық жеңілісінен кейін, “Атлетико” да көш бастау мүмкіндігі туды. Сол мүмкіндікті пайдалану үшін, өз алаңында “Реал Сосьедадты” жеңуі тиіс, немесе тең нәтижеге қол жеткізуі керек. Бірақ, өз жанкүйерлері алдында Симоне шәкірттері жеңіске ұмтылатыны анық. Бірінші таймда мадридтіктерді Вилья алға шығарды. Бірақ 3 минуттан соң, жарақат алып орнына Рауль Гарсия шықты. Екінші таймда басктардың есепті теңестіретін мүмкіндіктері болған. Бірақ, оларда пайдалана алмай есесіне, Костадан гол жіберіп алды. Ары қарай, мадридтіктер ойын тізгінін қолдарынан шығармай, тағы екі гол салып, ірі есеппен жеңіске жетті. Гол авторлары-Миранда мен Диего.  

2 қаңтар. Мадрид. Стадион "Висенте Кальдерон". Төреші- Хавьер Эстрада Фернандес (Лерида).

АТЛЕТИКО - РЕАЛ СОСЬЕДАД - 4:0 (1:0)
 Вилья, 38 (1:0). Диего Коста, 72 (2:0). Миранда, 74 (3:0). Диего, 87 (4:0).
Атлетико Реал Сосьедад
 Тибо Куртуа  Клаудио Браво
 Эмилиано Инсуа  Хосе Анхель
 Диего Годин  Иньиго Мартинес
 Жоао Миранда  Ион Ансотеги
 Хуанфран  Карлос Мартинес
 Коке, 81  Рубен Пардо
 Габи  Хон Гастаньяга
 Марио Суарес  Антуан Гризманн, 81
 Хосе Эрнесто Соса, 59  Давид Сурутуса, 65
 Давид Вилья, 41  Хаби Прието
 Диего Коста  Карлос Вела, 81
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Рауль Гарсия, 41  Иманол Агирретче, 65
 Диего, 59  Чори Кастро, 81
 Кристиан Родригес, 81  Харис Сеферович, 81

Ескертулер:

 Жоао Миранда, 22  Давид Сурутуса, 17
 Коке, 39  Иньиго Мартинес, 84
 Рауль Гарсия, 69  
“Корольдік клуб” қонақта “Атлетикпен” тең түсті. Бұны сенсация деуге ауыз бармайды. Жақында ғана, “Барсаны” осы алаңда жеңген команда, енді “Реалмен” тең түсіп жатса оның несі сенсация.. Бірінші таймда есеп ашылмады. Екінші таймда, “Реал” есеп ашқанымен,” Атлетик” тез арада оны қайта теңестірді. Тіпті соңғы минуттарда “Атлетиктің” жеңісті жұлып әкететін мүмкіндіктері болған. Әрине, егер командалар құрамы тең ойнағанда “Реал” шабуылға ұмтылатыны анық еді. Қиындықтың бәрі, алаңнан Роналду қуылғаннан кейін болды. Жеңіске қолы жетпеген “Реал”, “Барсаны” қуып жеткенімен, оны басып оза алмады. Ал, “Атлетикодан” 3 ұпай артта қалды. Испан Примьерасы енді қыза түсуде. Міне, көш басында “Атлетико”, бұл кездейсоқтық емес. Шынымен де, бірнеше жылдан бері, чемпионатта 2 команда бөлек, 18 команда бөлек ойнайтындай көрінетін. Тіпті, кейбіреулер: “- чемпионат өткізіп қайтеміз, “Барса” мен” Реал” арасында бір ойын өткізелік те, жеңген команда чемпион болады”- деген, шын-қалжыңы аралас әңгімелер де өрбіген.Енді, қызығы да, шыжығы да алда болғалы тұр..

2 қаңтар. Бильбао. Стадион "Сан Мамес". Төреші - Айса Гамес (Валенсия).

АТЛЕТИК - РЕАЛ МАДРИД - 1:1 (0:0)
 Хесе Родригес, 66 (0:1). Ибаи Гомес, 74 (1:1).
Атлетик Реал Мадрид
 Горка Ираисос  Диего Лопес
 Микел Баленсиага  Марсело
 Аймерик Лапорте  Серхио Рамос
 Карлос Гурпеги  Пепе
 Оскар Де Маркос, 59  Даниэль Карвахаль, 90
 Микель Рико, 87  Анхель Ди Мария
 Андер Итурраспе  Хаби Алонсо
 Икер Муниаин, 74  Лука Модрич
 Андер Эррера  Криштиану Роналду
 Маркель Сусаета  Хесе Родригес, 83
 Ариц Адурис  Карим Бензема, 87
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Андони Ираола, 59  Асиер Илльярраменди, 83
 Ибаи Гомес, 74  Альваро Мората, 87
 Беньят Эчебарриа, 87  Рафаэль Варан, 90

Ескертулер:

 Андер Итурраспе, 76  Хаби Алонсо, 30
   Криштиану Роналду, 76
Испан Примьерасының қалған ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар: Гранада-Сельта-1:2 Голдар: Кабрал, 28(0:1). Эль-Араби, 41(1:1). Фернандес, 88(1:2). Леванте-Райо Вальекано-0:0 Хетафе-Вальядолид-0:0 Малага-Севилья-3:2 Голдар: Дуда, 31(1:0 пенальтиден). Бакка, 49(1:1). Фасио, 66(1:2). Самуэль, 77(2:2). Дуда, 82(3:2). Эльче-Альмерия-1:0 Гол: Эррера, 58(1:0). Бетис-Эспаньол-2:0 Голдар: Рубен Кастро, 71(1:0). Рубен Кастро, 89(2:0). Ескерту:  “Вильяреал”-“Осасуна”  матчы ертен өткізілетін болады. Сұрмергендер тізімі: 1        Криштиану Роналду(Реал Мадри)- 22(5) 2        Диего Коста(Атлетико Мадрид)-20(4) 3        Антуан Гризманн(Реал Сосьедад)-15 4        Алексис Санчес(Барселона)-13 5        Педро(Барселона)-12   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×