Ағылшын Примьер-Лигасы. Жер болған "зеңбірекшілер"

10.02.2014, 17:54
Ағылшын Примьер-Лигасы. Жер болған "зеңбірекшілер"

  Кім ойлаған? Әрине, “қызылдар” Арсен Венгер шәкірттерін тізе бүктіреді дегенге сенгендер болды. Оған себеп те болды, бірінші айналымда кеткен есені қайтарғысы келеді Джеррард бастаған жігіттер, және “Энфилд” стадионындағы 90 минут бойы ән шырқайтын жанкүйерлер де соны күтетіні анық. Ал осылай таптайды деп кім ойлаған Примьер-Лиганың көшбасшысын!  

    Арсеналға бұл жеңіліс үлкен соққы, алдымен психологиялық тұрғыдан. Ал, Ливерпуль жарады. Суарес, Старридж, Стерлинг, Джеррардтар кез келген қарсыластың бас қатырар мәселесі болмақ. Әсіресе, осында қонаққа келетін Манчестер Сити, Челси, Тоттенхэмдердің. Естерінізде болса, Жаңа жыл алдыңдағы екі жеңілісінен кейін мамандар чемпиондыққа таласатын командалар тізімінен сызып тастаған Ливерпульді. Асығыс шешім екенін бүгін қызылдар дәлелдеді. Егер,  маусым аяғында кем дегенде Чемпиондар Лигасына жолдама алып, осы құрамды сақтап қалар болса, келесі жылы испандық пен неміс командаларының Еуропадағы гегемониясын тоқтататын бірден-бір ұжым осы Ливерпуль болмақ.

 

8 ақпан. Ливерпуль. Стадион "Энфилд". 44701 көрермен. Төреші - Майкл Оливер (Нортумберленд).

ЛИВЕРПУЛЬ - АРСЕНАЛ - 5:1 (4:0)
 Шкртел, 1 (1:0). Шкртел, 10 (2:0). Стерлинг, 17 (3:0). Старридж, 20 (4:0). Стерлинг, 52 (5:0). Артета, 69-пенальтиден (5:1).
Ливерпуль Арсенал
 Симон Миньоле  Войцех Щесны
 Джон Флэнэган  Бакари Санья
 Мартин Шкртел  Пер Мертесакер
 Коло Туре  Лоран Косельни
 Али Сиссоко  Начо Монреаль, 61
 Стивен Джеррард, 76  Джек Уилшир
 Джордан Хендерсон  Микель Артета
 Филиппе Коутиньо  Алекс Чемберлен
 Рахим Стерлинг  Месут Озил, 61
 Луис Суарес, 86  Санти Касорла
 Даниэль Старридж, 66  Оливье Жиру, 60
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Джо Аллен, 66  Лукас Подольски, 60
 Джордон Айб, 76  Томаш Росицки, 61
 Яго Аспас, 86  Киран Гиббс, 61

Ескертулер:

 Джордан Хендерсон, 47  Оливье Жиру, 51
 

     Жақында ғана бір мақалада Манчестер Юнайтед  Примьер-Лиганың ортаң қол командасына күші жетпесе де, Еуропаның ортаң қол командасына күші жетеді деп айтқанмын. Бекер емес. Кейде осы чемпионаттың аутсайдерлерінің өзі, кәрі құрлықтың ортаң қол ұжымдарынан да мықты ойын көрсетіп жатады. Вест БромвичЛиверпульден ұпай тартып алуы мүмкін, ЧелсиСток Ситиден, Манчестер СитиСандерлендтан жеңілуі мүмкін дегендей.  Бүгін де, ойлап қарасаң қиратып кетуі тиіс қарсыластан сүрінді, Пеллегрини шәкірттері. Нағыз шиеленісті, қызықты, тартысты чемпионат.

8 ақпан. Норидж. Стадион "Кэрроу Роуд". 26832 көрермен. Төреші - Джонатан Мосс (Йоркшир).

НОРВИЧ - МАНЧЕСТЕР СИТИ - 0:0 (0:0)
Норвич Манчестер Сити
 Джон Радди  Джо Харт
 Расселл Мартин  Пабло Сабалета
 Джозеф Йобо  Венсан Компани
 Себастьян Бассонг  Мартин Демичелис
 Мартин Ольссон  Гаэль Клиши
 Александер Тетти  Джеймс Милнер
 Брэдли Джонсон  Яя Туре
 Нэтан Редмонд  Давид Сильва
 Энтони Пилкингтон, 90+3  Хесус Навас
 Лерой Фер  Стеван Йоветич, 61
 Гэри Хупер, 68  Альваро Негредо, 77
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Рики ван Волфсвинкел, 68  Эдин Джеко, 61
 Стивен Уиттакер, 90+3  Александар Коларов, 77

Ескертулер:

 Александер Тетти, 80  Джеймс Милнер, 75
 Рики ван Волфсвинкел, 81  

 

     Соңғы 3 апта көлемінде 3 түрлі команда шығып көрді көш басына. Арсенал мен Манчестер Ситидің сүрінгенін пайдаланған Жозенің шәкірттері бүгін көш бастау құқығына ие болды. Дүйсенбі күні, Эттихад стадионың қожайындарын жеңген ақсүйектер, сенбі күні өз алаңында Ньюкаслды қабылдаған. Алан Пардью шәкірттері біраз қарсыласқанмен, бірінші таймның ортасында Азар салған екі гол олардың сағын сындырды. Екінші таймда пенальтиден гол тоғытқан Азар, еншісіне хет-трик жасап матч нүктесін қойды.

    

8 ақпан. Лондон. Стадион "Стэмфорд Бридж". 41387 көрермен. Төреші - Ховард Уэбб (Ротерхем).

ЧЕЛСИ - НЬЮКАСЛ - 3:0 (2:0)
 Азар, 27 (1:0). Азар, 34 (2:0). Азар, 63-пенальтиден (3:0).
Челси Ньюкасл
 Петр Чех  Тим Крул
 Бранислав Иванович  Матье Дебюши, 40
 Гари Кэхилл  Майк Уилльямсон
 Давид Луис  Стивен Тэйлор
 Сесар Аспиликуэта  Пол Дамметт
 Неманья Матич  Давиде Сантон
 Фрэнк Лэмпард  Вурнон Анита, 84
 Виллиан, 78  Хатем Бен Арфа, 64
 Оскар  Мусса Сиссоко
 Эден Азар, 85  Сэмми Амеоби
 Самуэль Это'О, 71  Люк де Йонг
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Демба Ба, 71  Мапуэ Янга-Мбива, 40
 Мохамед Салах, 78  Дэн Гослинг, 64
 Андре Шюррле, 85  Сильвен Марво, 84

Ескертулер:

   Сэмми Амеоби, 49
   Мапуэ Янга-Мбива, 61
   Мусса Сиссоко, 90

 

     Ағылшын Примьер-Лигасының қалған ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар:

Манчестер Юнайтед-Фулхэм-2:2

Голдар: Сидуэл, 19(0:1). Ван Перси, 78(1:1). Кэррик, 80(2:1). Бент, 90+4(2:2).

Тоттенхэм-Эвертон-1:0

Гол:Адебайор, 65(1:0)

 Астон Вилла-Вест Хэм-0:2

Голдар: Нолан, 46(0:1). Нолан, 48(0:2).

Кристал Пэлас-Вест Бромвич-3:1

Голдар: Инс, 15(1:0). Ледли, 27(2:0). Тьеви, 46(2:1). Шамах, 69(3:1. Пенальтиден)

Саутгемптон-Сток Сити-2:2

Голдар: Ламберт, 6(1:0). Одемвингие, 38(1:1). Дэвис, 41(2:1). Крауч, 43(2:2).

Сандерленд-Халл Сити-0:2

Голдар: Лонг, 16(0:1). Елавич, 62(0:2).

Суонси-Кардифф Сити-3:0

Голдар: Раутледж, 47(1:0). Дайер, 79(2:0). Бони, 85(3:0).

Турнир кестесі.

 

М  Клуб ойын жеңіс тең жеңіліс доп айырыы ұпай
1  ЧЕЛСИ 25 17 5 3 47-20 56
2  АРСЕНАЛ 25 17 4 4 48-26 55
3  МАНЧЕСТЕР СИТИ 25 17 3 5 68-27 54
4  ЛИВЕРПУЛЬ 25 15 5 5 63-30 50
5  ТОТТЕНХЭМ 25 14 5 6 32-32 47
6  ЭВЕРТОН 25 12 9 4 37-26 45
7  МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД 25 12 5 8 41-31 41
8  НЬЮКАСЛ 25 11 4 10 32-34 37
9  САУТГЕМПТОН 25 9 9 7 36-29 36
10  СУОНСИ 25 7 6 12 32-35 27
11  ХАЛЛ СИТИ 25 7 6 12 25-30 27
12  АСТОН ВИЛЛА 25 7 6 12 27-36 27
13  СТОК СИТИ 25 6 8 11 26-40 26
14  КРИСТАЛ ПЭЛАС 25 8 2 15 18-34 26
15  ВЕСТ ХЭМ 25 6 7 12 26-33 25
16  НОРВИЧ 25 6 7 12 19-37 25
17  САНДЕРЛЕНД 25 6 6 13 25-38 24
18  ВЕСТ БРОМВИЧ 25 4 11 10 29-37 23
19  КАРДИФФ СИТИ 25 5 6 14 19-44 21
20  ФУЛХЭМ 25 6 2 17 24-55 20

Сұрмергендер тізімі:

1)      1)  Луис Суарес(Ливерпуль)-23

2)      2)  Даниэль Старридж(Ливерпуль)-15

        Серхио Агуэро(Манчестер Сити)-15

3)      3)   Яя Туре(Манчестер Сити)-12

         Эден Азар(Челси)-12(2)

4)       4)  Лоик Реми(Ньюкасл)-11

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×