Ең қысқа әлем біріншілігі

10.02.2014, 19:10
Ең қысқа әлем біріншілігі

 

     Бразилиядағы мерекелі әлем чемпионатының қарсаңында, өткен 19 чемпионаттың тарихымен таныстыруымызды жалғастырымыз. Егер бірінші әлем чемпионаты Уругвайда өткен болса, екінші әлемдік доданы өткізу құқұғына Италия ие болды. Уругвайдағы чемпионат футбол әлеміне жаңалық енгізгені сонша, Италияға баруға 32 мемлекет өз ниеттерін білдірді. Сол кезде бірінші рет, қатысатын 16 мемлекетті  іріктеп  алу үшін, ФИФА  іріктеу кезеңін өткізуді жөн  санады. Бір қызығы, чемпионат қожайындары автоматты түрде жолдама алған жоқ. Италия да, басқа командалар секілді іріктеу кезеңіне қатысты. Тарихтағы бұндай жағдай, алғашқы және соңғы еді. Тағы бір қызық, Уругвай Әлем чемпионы болса да, италияға баруға бас тартты. Оның себебі, мамандар қанша болжам айтса да, әлі күнге дейін жұмбақ.

       Іріктеу кезеңінде ешқандай сенсация орын алған жоқ. Бірақ, қызықты жағдайлар болды. Тұңғыш рет, доп айырымы деген ұғым енгізілді. Мысалы, 7-ші топта, Бельгия мен Ирландия бірдей ұпай жинаған кезде, доп айырымы көрсеткіші жақсы болғаны үшін бельгиялықтар жолдамаға ие болды. Және сол топтағы Бельгия мен Голландия арасыдағы ойынға, болашақ ФИФА-ның президенті ағылшын Стэнли Роуз қазылық етті.

       Жоғарыда айтылғандай жолдамаға 16 команда ие болды. Яғни, 4 жыл бұрынғыға қарағанда, 3 команда қосылған. Бірақ, айырмашылығы командалар топқа бөлінбей, бірден плей-офф кезеңін өткізді. 16 команда  8 жұп құрады. Яғни, бірден 18 финал деген сөз. Міне, сондықтан тарихтағы ең қысқа Әлем чемпионаты деген атаққа ие болды. 15 күнге созылып, бар-жоғы 17 ойын өткізілді. Бірінші рет  чемпионатты өткізуге, Уругвайдағы сияқты бір қала ғана емес, бірнеше қала жұмылдырылды., 8 қала: Болонья, Генуя, Милан, Неаполь, Рим, Триест, Турин және Флоренция. Ең тартысты ойын Испания мен Италия арасында болды. Ол кезде матч соңынан кейін жеңген команданы анықтайтын пенальтилер сериясы жоқ болатұғын. Сондықтан екінші ойын өткізіліп, ол ойында алаң қожайындары Италия жеңіске жетті. Мамандардың айтуы бойынша, бұл ойын әділетсіз болған. Себебі, италяндықтардың спортқа жат қылықтарына бас қазы көз жұма қараған. Тағы бір қызықты ойын, осы ширек финалда Австрия-Венгрия матчы. Казіргі таңда,  футболдан Еуропада Германия, Испания сиқты командалар дәурені болып  тұрған кезде,  күлкілі болып көрінуі мүмкін, әрине. Бірақ ол кезде, бұл екі құрама кәрі құрлықтың ең мықты ұжымдары болып саналатын. Ойын австриялықтардың жеңісімен аяқталды. Сонымен, жартылай финалға Италия-Австрия,  Германия-Чехословакия жұптары шықты. Бірінші матч, жергілікті жанкүйерлер қуанышына орай, Италия жеңісімен аяқталды. Есеп 1:0. Гол авторы Энрике Гуайта. Екінші жұпта 4 гол соғылды. Чехтардың, Олдржих Неедлдың голына, немістер Рудольф Ноаканың голымен жауап қайтарды. Бірақ, тағы 2 гол салған Неедл, матч аяғында өз еншісіне хет-трик жазып, командасын финалға шығарды. Үшінші орын үшін болған, Германия-Австрия матчында немістер жеңіске жетіп, қола жүлдені місе тұтты. Финал. Италия-Чехословакия. Мамандардың жазуы бойынша, ойын тартысты, нағыз финалға тән ойын болған. Екі команда да үздіксіз шабуылдар жасағанымен, қақпа кілтін таппай, тек 76-шы минутта чех Антонин Пуч есеп ашады. 5 минут өткен соң, Раймундо Орси есеп теңестірсе, төреші қосқан уақытта  Анджело Скьяио Италияға жеңіс сыйлайды. Бұл жеңісті ел біраз тойлады, тіпті сол кездегі Италияның басшысы Бенитто Муссолини, “бұл жеңіс біздің саясаттың дұрыс бағытта екенін көрсетеді” деп жариялағаны да бар.

     Бұл чемпионат,  футбол әлеміне біраз жұлдыздарды сыйлады. Олар: қақпашылар Франтишек Планичка, Рикардо Замора, шабуылшы Анджело Скьявио, және жартылай қорғаушы Джузеппа Меацца. Бұл соңғы есім сізге де таныс болар. Қазіргі таңда, Милан мен Интер стадионы, осы ойыншының есімімен аталған.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×