Неміс Бундеслигасы. Қарсыласты елемейтін "Бавария"

10.02.2014, 18:17
Неміс Бундеслигасы. Қарсыласты елемейтін "Бавария"
Бундеслиганың 20-шы турында Мюнхендік дерби. Екінші айналымның екі үздік командаларының кездесуі.  "Баварияға" ол үйреншікті жағдай болса, ал аутсайдер "Нюрнберг" соңғы екі ойында жеңіске жетіп айды аспаннан бір-ақ шығарды. Өз алаңында "Хоффенхаймды" тас-талқан етіп, алдынғы турда осал емес "Гертадан" айласын асырды. Бірақ, Гвардиола шәкірттерінің қарқыны мықты. Қарсыласты елемейтін "Бавария", бүгін де елеген жоқ. . Әрине, ірі есеппен жеңбесе де, сенімді түрде, жауапсыз екі гол тоғытып жеңіске жетті. Бірінші таймда Марио Манджукич есеп ашты. Үзіліске дейін, тағы да гол салатын мүмкіндіктері болғанымен, ең соңғы шабуылға нәтижелі нүкте қойар соққы жетіспеді. Екінші таймның басында, капитан Лам есепті еселеп, неміс машинасының екінші голын өз еншісіне жазып, ойын тағдырын біржола шешті десек те болады. Бавария Бундеслигада жеңістің ащы дәмін татпағанына бір жарым жылдай уақыт болды. Дәлірек айтсақ, бұндай оқиға 2012-ші жылы 28-қазан күні Байермен болған ойында орын алғантұғұн.  

8 ақпан. Нюрнберг. Стадион "Грундиг-Штадион". Төреші - Тобиас Велц (Висбаден).

НЮРНБЕРГ - БАВАРИЯ - 0:2 (0:1)
 Манджукич, 18 (0:1). Лам, 49 (0:2).
Нюрнберг Бавария
 Рафаэль Шефер  Мануэль Нойер
 Марвин Платтенхардт  Давид Алаба
 Хавьер Пинола  Бонфим Данте
 Ондржей Петрак  Джером Боатенг
 Тимоти Чандлер, 10  Марсио Рафинья
 Маркус Фойльнер  Филипп Лам
 Майк Франц  Арьен Роббен, 81
 Адам Глоушек, 76  Марио Гётце
 Хироси Кийотаке  Тиаго Алькантара
 Йосип Дрмич  Томас Мюллер, 72
 Даниэль Гинчек, 22  Марио Манджукич, 86
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Мартин Анга, 10  Хави Мартинес, 72
 Томаш Пекгарт, 22  Джердан Шакири, 81
 Тимо Гебхарт, 76  Клаудио Писарро, 86

Ескертулер:

 Адам Глоушек, 45+1  Филипп Лам, 43
 Хавьер Пинола, 50  Марио Манджукич, 64
   Томас Мюллер, 65
Бір кездері, Германияның шабуыл өті ең өткір, ең әдемі ойын өрнегін көрсететін командасы саналатын "Вердердің" бүгінгі таңдағы жағдайы мүшкіл. Қарыздарын жабу үшін, негізгі ойыншыларынан айырылуға тура келді. Ұзақ жыл жаттықтырған Томас Шафф та орнынан кетті. Ұжым кестенің соңғы жағында. "Вердер"-"Боруссия Дортмунд" матчы, осыдан 3-4 жыл бұрын жанкүйерлер асыға күтер кездесу болса, қазір басқаша. Бүгін де атына, заты сай емес болды. Бүкіл матч бойы алаңда бір-ақ команда болды, ол-"Боруссия". Мхитарян мен Левандовски шабуыл жұбы, "бремендік музыканттарды" жермен-жексен етті.  

8 ақпан. Бремен. Стадион "Везерштадион". Төреші - Гюнтер Перл (Мюнхен).

ВЕРДЕР - БОРУССИЯ Д - 1:5 (0:2)
 Левандовски, 26 (0:1). Мхитарян, 41 (0:2). Фридрих, 47 (0:3). Мхитарян, 62 (0:4). Левандовски, 85 (0:5).Айчичек, 89 (1:5).
Вердер Боруссия Д
 Рафаэль Вольф  Роман Вайденфеллер
 Лука Калдирола  Марсель Шмельцер
 Ассани Лукимья  Сократис Папастатопулос
 Себастьян Прёдль  Мануэль Фридрих
 Теодор Гебре Селасси  Лукаш Пищек
 Филипп Баргфреде  Нури Шахин
 Златко Юнузович  Свен Бендер, 65
 Людовик Обраньяк  Марко Ройс, 65
 Аарон Хант, 79  Генрих Мхитарян
 Эльеро Элиа, 55  Пьер-Эмерик Обамеянг, 77
 Франко Ди Санто, 55  Роберт Левандовски
Ойын арысында алаңға шыққандар:
 Нильс Петерсен, 55  Кевин Гросскройтц, 65
 Мартин Кобылянски, 55  Себастьян Кель, 65
 Левент Айчичек, 79  Йонас Хофман, 77

Ескертулер:

 Франко Ди Санто, 13  Мануэль Фридрих, 25
 Мартин Кобылянски, 70  Сократис Папастатопулос, 69
20-шы турдың бірінші матчы, Менхенгладбах қаласындағы "Боруссия Парк" стадионында ойналған болатын. "Боруссия М"-"Байер". Қос ұжым да жоғарғы орындарға таласуда. Егер, "Байер" екінші орында болса, ал алаң иелері төртінші орындағы "Шалькеден" бір-ақ ұпай кем, яғни бесінші орынға жайғасқан. Чемпиондар Лигасына жолдама беретін орындардан үміткер. Ойын алдын-ала күтілгендей-ақ тартысты өтті. Матч тағдырын, кәріс Сон Хюн Миннің таңдай қақтырарлық соққысы шешті. Жеңілістің ащы дәмін татқан "Боруссия" жағдайларын қиындатса, "Байер" керісінше дортмундтықтармен арасындағы ұпай санын сол қалпында қалдырып, екінші орнын сақтап қалды. Ал, бірінші орынды сақтандырып алған "Баварияны" қуып жету Хюпия шәкірттері үшін мүмкін емес.

7 ақпан. Мёнхенгладбах. Стадион "Боруссия Парк". Төреші - Флориан Майер (Бургдорф).

БОРУССИЯ М - БАЙЕР - 0:1 (0:0)
 Сон Хюн Мин, 62 (0:1).
Боруссия М Байер
 Марк-Андре тер Штеген  Бернд Лено
 Оскар Вендт  Эмре Джан
 Мартин Штранцль  Эмир Спахич
 Ховард Нордтвейт  Эмер Топрак
 Тони Янчке  Роберто Хильберт
 Хуан Аранго, 83  Гонсало Кастро
 Гранит Джака, 83  Симон Рольфес
 Кристоф Крамер  Ларс Бендер
 Патрик Херманн, 67  Сон Хюн Мин, 81
 Макс Крузе  Сидней Сэм, 68
 Раффаэл  Штефан Кисслинг, 90+3
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Бранимир Хргота, 67  Эрен Дердийок, 68
 Амин Юнес, 83  Йенс Хегелер, 81
 Пениль Млапа, 83  Филипп Вольшайд, 90+3

Ескертулер:

 Патрик Херманн, 55  Джулио Донати, алаңнан тыс
 Макс Крузе, 77  Филипп Вольшайд, алаңнан тыс
   Эмре Джан, 30
   Штефан Кисслинг, 37
Неміс Бундеслигасының, 20-шы турдағы қалған ойындардың нәтижелерімен таныс болыңыздар: Вольфсбург-Майнц-3:0 Голдар: Родригес, 59(1:0. Пенальтиден). Дост, 66(2:0). Луис Густаво, 75(3:0). Фрайбург-Хоффенхайм-1:1 Голдар: Шмид, 68(1:0). Модест, 86(1:1). Айнтрахт Ф-Айнтрахт Б-(3:0) Голдар: Флум, 7(1:0). Майер, 43(2:0). Айгнер, 44(2:0). Гамбург-Герта-0:3 Голдар: Аллаги, 15(0:1). Рамос, 23(0:2). Рамос, 38(0:3). Штутгарт-Аугсбург-1:4 Голдар: Милик, 35(0:1). Хан, 43(0:2). Хан, 56(0:3). Рауш, 62(1:3). Вернер, 64(1:4). Шальке 04-Ганновер-2:0 Голдар: Фарфан, 39(1:0). Мейер, 44(2:0).

 

Турнир кестесі.

 

М  Клуб ойын жеңіс тең жеңіліс доп айырымы ұпай
1  БАВАРИЯ 20 18 2 0 53-9 56
2  БАЙЕР 20 14 1 5 37-20 43
3  БОРУССИЯ Д 20 12 3 5 47-24 39
4  ШАЛЬКЕ 04 20 11 4 5 39-29 37
5  БОРУССИЯ М 20 10 3 7 36-25 33
6  ВОЛЬФСБУРГ 20 10 3 7 33-24 33
7  ГЕРТА 20 9 4 7 31-24 31
8  АУГСБУРГ 20 9 4 7 30-29 31
9  МАЙНЦ 20 9 3 8 29-35 30
10  ГАННОВЕР 20 7 3 10 29-35 24
11  ХОФФЕНХАЙМ 20 5 7 8 40-43 22
12  АЙНТРАХТ Ф 20 5 6 9 24-34 21
13  ВЕРДЕР 20 5 5 10 24-45 20
14  ШТУТГАРТ 20 5 4 11 33-41 19
15  ФРАЙБУРГ 20 4 6 10 20-36 18
16  НЮРНБЕРГ 20 2 11 7 24-36 17
17  ГАМБУРГ 20 4 4 12 33-47 16
18  АЙНТРАХТ Б 20 3 3 14 11-37 12

 

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×