Айбар Жақсылықов командасын ауыстырмақ

21.01.2022, 23:07
Шабуылшы қазақстандық клубтың ОЖЖ-на қосылды.
Айбар Жақсылықов командасын ауыстырмақ

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Жетісудың» және Қазақстан құрамасының 24 жастағы шабуылшысы Айбар Жақсылықов командасын ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Жақсылықов жақын арада «Тобылдың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылады. Айбар Анталияға ұшып кетті, жақын арада қостанайлық клубтың орналасқан жеріне келеді деп күтілуде.

Өткен маусымда Жақсылықов «Жетісу» үшін Премьер-лигада 18 матч өткізіп, 4 гол соққан.

Айбар Қазақстан құрамасындағы дебютін 2020 жылдың 11 қазанында Албанияға қарсы матчта жасады. Содан бері ұлттық құрама жейдесінде бес ойын өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×