Руслан Костышин бапкерлік штабын жасақтады

21.01.2022, 16:21
Бас бапкер украиналық мамандарға сенім артты, қазақстандық жаттықтырушыларға да орын табылды.
Руслан Костышин бапкерлік штабын жасақтады

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Ақсудың» жаттықтырушысы Руслан Костышин бапкерлер құрамын жасақтады.

Украинаның екінші лигасында өнер көрсететін «Викторияның» бұрынғы жаттықтырушысы Виктор Ульяницкий Костышиннің көмекшісі болып бекітілді, ал Андрей Федоренко қақпашыларды дайындығына жауапты болады.

Сондай-ақ «Ақсудың» бапкерлік штабында бұған дейін «Екібастұзда» жұмыс істеген қазақстандық мамандар Сергей Якушин мен Руслан Нарымбаев еңбек етпек.

Айта кетейік, бүгін команда Түркияға оқу-жаттығу жиындарына аттанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×