Владимир Муханов: «Алғашқы матч маған ұнады»

21.01.2022, 21:08
Ақтөбеліктер украиналық клубтан жеңіліп қалды.
Владимир Муханов: «Алғашқы матч маған ұнады»

«Ақтөбенің» бас бапкері Владимир Муханов «Полесье» клубымен өткен жолдастық кездесу (1:2) жайлы пікірімен бөлісті:

— Жақсы спарринг өткіздік деп ойлаймын. «Полесье» Украинаның жоғары лигасына шығуға талас жүргізіп жатқан ұжым. Оны Калитвинцев деген танымал әрі ақылды бапкер жаттықтырады. Командасы жаман емес. Бақылау матчы көңілімнен шықты. Екі ай жарым демалыстан соң бір апта ғана дайындалдық. Бірақ соған қарамастан жігіттердің ойыны маған жалпы ұнады. Бірінші таймдағы құрам негізгіге жақын болды, ойын тең дәрежеде өрбіді. Біз де, қарсылас та есеп аша жаздады. Екінші таймда жастар шықты. Бірнеше қате жібердік, алайда ойынды өз қолымызға алып, жақсы өнер көрсеттік. Алғашқы ойын бізге серпін береді деп сенемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×