«АИК» - «Астана» матчының билет бағасы 27 мың теңгеге дейін барды

31.07.2014, 20:27
«АИК» - «Астана» матчының билет бағасы 27 мың теңгеге дейін барды
Швецияның «АИК» клубы Еуропа лигасының үшінші біліктілік раундының өз алаңында өтетін ойынына билеттер сата бастады. Стокгольмда өтетін кездесуде бұл команда елорданың «Астана» футбол клубына қарсы ойнайды, деп хабарлады sports.kz. Кездесуге сатылып жатқан билеттердің басым бөлігі 150 швед кронына тең, ұлттық валютамызға шаққанда 4050 теңге. Стадионның солтүстік трибунасындағы тұрып тамашалайтын орындарға билеттің бағасы 100 кронға немесе 2700 теңгеге тең. Ал отыратын орындар бағасы 150 кронды құрайды. 16 жасқа дейінгі балалар мен зейнеткерлер еурокубоктың бұл матчын небәрі 20 кронға немесе 540 теңгеге тамашалай алады. Friends Arena стадионының шығыс трибунасындағы жоғары қабаттар 450 крон немесе 12150 теңге тұрады. Ал бизнес санаты орындарындағы ең қымбат билет 995 кронды немесе 26865 теңгені құрайды. Жалпы билеттер 540-тан 26865 теңге дейінгі аралықта сатылуда. Автор: Марлан Жиембай www.kazinform.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×