Футбол өлтірген фанаттар

31.07.2014, 20:50
Футбол өлтірген фанаттар
Футболдан Бразилия жерінде өткен әлем чемпионаты аяқталғалы біршама уақыт өтті. Футбол тойы аяқталса да, оның маңайындағы алып-қашпа әңгімелер әлі айтылып жатыр. Айтыла да береді. Бір жанкүйер Бразилияның нашар дайындығын айтса, бірі әлем чемпионаты кезіндегі сенсациялар туралы сөз қозғайды. Енді бірі әлем біріншілігіне бәс тігіп, қанша сомма ұтқандарын дүйім жұртқа мақтанады, деп жазады «Алаш айнасы». «Бақ шаба ма, бап шабады ма» деген әдемі сөз бар қазақта. Бразилия жерінде өткен әлем чемпионатында баптары мен бақтары қатар шапқан жанкүйерлер әмиянын толтырып, байып жатса, енді бірі барлық жиып-терген мүлкін букмекерге өткізіп, өмірден де өтіп кетіп жатыр. Ең үлкен сомма тіккен кім? 2014 жылғы Әлем чемпионаты барысында ең көп соммада бәс АҚШ-тың Лас-Вегасында қабылданды. Ол жақтағы ойынханалардың бірінде бір клиент Аргентина және Иран арасындағы кездесуге 350 мың АҚШ долларын тіккен. Бұл ӘЧ тарихындағы бір адамның бір ойынға бәс тіккен ең көп соммасы болып бекітілді. Қазақ футболы
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×