Айып соққысының үздік орындаушылары

09.02.2014, 10:59
Айып соққысының үздік орындаушылары
Қарсылас айып алаңына жақын жерден айып соққысы белгіленді! Стандартты жағдай. Доп алдында бразилиялық сиқыршы Жуниньо! немесе Роналдинью! қақпаның қаншалықты алыс-жақындығына бас қатырмайтын Роберто Карлос! Бұл әрқашан да қауіпті!!! Осы сияқты сөздерді осыдан шамамен оншақты жыл бұрын жиі естіп жататынбыз. Ал бүгін ше? Бүгінде доптың жанына кім келіп жатса да ондай сезім, ондай толқу жоқ. Мұның себебі неде? Әлде қақпашылар айып соққыларын тосудың беймәлім қырын меңгеріп алды ма? Неге айып соққылары қаҺарлы күшін жоғалтты. Алдыңғы буын марқасқалармен бүгінгінің үздіктерін салыстырып қарайық. Тек, бір ғана қырынан, айып соққыларын қаншалықты дәрежеде голға айналдыра алды.3 Біз миллиондар ойынының сиқырына шырмалғанымызға көп бола қойған жоқ. Оншақты жыл көлемінде. Бірақ, осы уақыт ішінде біршама нәрсе өзгеріп үлгергендей. Мысалы, айып соққысын орындау. Негізі, орындау сол баяғыша. Айып соққысынан шығатын нәтиже өзгерген сияқты. Бұрын әр ойында болмаса да, алыс қашықтықтан жойқын соққымен допты қақпаға тоғыта салатындар немесе қақпашыны алдап-соғып, допты қолмен қойғандай қылып, торды бүлк еткізетін шеберлер көп болатын. Бүгінгі күнде де шеберлер бар. Бірақ, нәтижелері бұрынғыдай емес. Синиша Михайлович есімді футболшыны қазір біреу білсе, біреу білмейді. Футболшылық карьерасын оншақты жыл бұрын аяқтаған. Италия чемпионатының бір кездегі бойтұмарларының бірі. Сол чемпионаттың жарық жұлдызы Синиша Михайловичті көпшілік жанкүйер айып соққыларын орындау шеберлігі үшін жақсы көретін. Бір ойын барысында айып соққысынан үш доп соққан әлемдегі жалғыз футболшы да осы жігіт. Синиша сияқты ойыншысы бар команда әрдайым, әрқашан оның сиқырлы аяғына иек артуына болатын еді. historia13 Бір қызықта жағдайды баяндай кетейік, Синиша өз клубтастарының бірінен бір айлық ақшасын ұтып алған екен. Жаттығу барысында екеуі бәстескен. Михайлович үш рет дәл алаң ортасынан допты теуіп қақпа маңдайшасына  кем дегенде екі рет тигізуге тиіс болған. Ал үшінші ұмтылыс керек болмай қалған. Екі рет дәл алаң ортасынан қақпа маңдайшасына допты тигізуге екі соққы жеткілікті болған. Қазір, кейбір футболшылар жекелеген ойындарда керемет соққымен көзге түсіп жатса да, олар да бірқалыптылық жоқ. Оның үстіне бүгінгі футболда команда да кім лидер болса, айып доптарын сол футболшыға сеніп тапсырып жатады. Бұған мысал ретінде, Месси, Рибери, Ибрагимович сияқты футболшыларды алуымызға болады. Олар, сөзсіз мықты ойыншылар, сөзсіз талант, бірақ бәрі бірдей стандарттардың шебері емес. Солай бола тұрса да, көп жағдайда осы футболшылар доп алдына келіп жатады. Кейде, кейде гол соғылып та жатады. Бірақ, өте аз. Жақында ғана көп жыл бойы Францияның "Лион" командасында тер төккен бразилиялық жартылай қорғаушы Жунинью Пернамбукану үлкен футболдан кететіндігін мәлімдеді. Стандарттардың хас шебері аладоппен қоштасып кете барды. Кезінде еуропаның үздік қақпашылары түсінде көріп, шошитын ойыншының бірі болды. Тепкен добы қақпадан табылып жататын еді. Енді Жунинью да жоқ. Мадридтің "Реалы" "Галактикос" атанған кезде құрамында екі бірдей әлемдік дәрежедегі шебер бірге ойнады. Роберто Карлос пен Дэвид Бэкхем. Оң аяққа ыңғайлы нүкте ағылшындікі, сол аяққа келсе бразилиялықтікі. Карлос көбіне қашықтық таңдап бас қатырып жатпайтын, оның соққысын қақпашыға тура барған күнде де тосу қиын. Осы екі мықты бар кезде стандарттар үнемі "корольдік" клубтың қаһарлы қаруы саналатын. Бүгінде Роналду бар, Бэйл бар, Алонсо мен Модричте допты қақпаға түзу бағыттай алады. Бірақ, нәтижелері салыстыруға келмейді. Real Madrid's David Beckham (R) talks wi Италияндық аңыз ойыншы Роберто Баджо стандарттарды әдемі орындайтын. Өміріндегі ең маңызды пенальтиді соға алмай қалған болса да, пенальти соғу бойынша ең жоғарғы көрсеткіш те осы ойыншыға тиесілі. Айып соққыларын соғу бойынша да алдына жан салмайтын. Кейіннен Баджоның жолын Дель Пьеро жалғады. Қазір де Пирло бар. Пирлоның ізбасары деп танылып келе жатқан жас пері Инсинья бар. Италияндықтар да бұл жағынан бәрі сәтімен келе жатқандай әсер қалдырады. 368b5574c2a09f2d578e72c4c4dc343b Форлан пен Суарестен алдын Уругвай құрамасын өрге сүйреген Альваро Рекоба есімді футболшы да ұмытыла бастады. "Интер" тиффозилері жақсы білсе керек. Ғасырлар тоғысында "Интер" басшылығы атақты Роналдомен бірге сатып алған. Роналдодан көрі уругвайлық жартылай қорғаушы жанкүйерлер жүрегінен тез орын тапты. Алғашқы кездесуінде-ақ дубль авторы атанды. Бірақ, бұл футболшы да көп жетістікке жете алмады. Ұлттық құрамада ол кезде Суарес, Кавани, Форлан сияқты ойыншылармен бірге ойнауды тек қана армандауға болатын еді. Уругвай ірі турнирлерден шет қалып жататын. 2002 жылғы әлем чемпионатында ойнады. player_1203_3ba34 Келесі кезекте бразилиялық каталондық футболшыларға тоқталайық. Ривалдо мен Роналдинью. Барселона сапында бірін-бірі ауыстырған екі супер-футболшылар. Ривалдо Барсада жүргенде айып соққысын тебуге одан басқа ешкім келмейтін. Сиқырлы сол аяқпен допты қолмен қойғандай жайғастыра салатын. Кейін Ривалдоны Роналдинью ауыстырды. Мессиден алдыңғы каталондық супер жұлдыздың доп ойнағаны  сиқырға толы болатын. Орнынан тапжылмай тұрып Чех қақпасына гол сала салады. Екі-үш қорғаушыны жұғым көрмей кететін кездері өте көп кездесетін. Тағы да айып соққысын әдемі тебетін еді. 9 Ривалдо баяғы жарқын жылдары артта қалған шақта Өзбекстанға келіп те доп теуіп үлгерді. "Бунедкор" футбол клубында ойнады. Сол кезде Өзбекстан тарихындағы ең үздік ойыншы Мыржалол Қасымовпен танысқан болса керек. Кейіннен ұлттық құраманы жаттықтырған өзбек жігіті стандарттың нағыз шеберлерінің бірі еді. Оның айып соққысынан гол соғу пайыз көрсеткіші 95%. qosimov201315 Бүдан біршама жыл алдын байқасақ айып соққысын тебуге шабуылшылар тіптен келмейтін. Олардың мамандықтары бөлек еді. Қазір шабуылшылардың біршамасы стандарттан гол соға алуымен ерекшеленеді. Мысалы, Дрогба, Руни, Месси, Суарес, Кавани. Шабуылшының универсал болғаны қай кезде де жақсы. Қазіргі үздік шабуылшылардың біршамасы осы қасиеттерімен мақтана алады. Айып соққыларынан соғылған голдар тәртіп бойынша өте сұлу болады. Әрі әрдайым миллиондар ойынының көркін келтіріп тұратын кішкентай ғана бөлшегінің бірі болып қала бермек. Осы арада, "айып соққысын голға айналдыра алатын футболшылар көп болсын"- деген тілек айтқымыз келеді.                                            
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×