«Қайсар» қайсарлық танытты

08.02.2014, 20:46
«Қайсар» қайсарлық танытты
Қаржылық дағдарысқа ұшыраған қызылордалық «Қайсар» командасы араға 1 жыл салып Қазақстан Премьер - Лигасына қайта оралған болатын. Барлық ойыншыларынан айырылып, қайтадан жаңа команда жасақталып, қызылордалық ұжым ауыл арасында іріктеу жариялап, талантты жас жеткіншектермен толысып, Бірінші Лиганың жеңімпазы атанғаны жанкүйерлердің есінде шығар. Бүгінгі таңда бұл команданы белгілі маман Дмитрий Огай жаттықтырады. Волгиннің орнын басқан Огай команданы қайтадан жасақтады. Қаржылық дағдарыстан құтылған  «Қайсар» құрамын мықты легионерлер мен жергілікті футболшылар толықтырды. Жаңа маусымға дайындықтарын бастаған «Қайсар» қысқы оқу-жаттығу жиынын Түркия жерінде өткізуде. Әзірше дайындықтары жаман емес. Огай бастаған жігіттердің қарқыны күшті. Қасқыр мінезді команданың қайсарлығын 2014 жылы анық байқайтын боламыз. Сіздердің назарларыңызға "Қайсар" - "Этто Эли Могамбо" арасындағы жолдастық кездесудің жарқын сәттерін ұсынбақшымыз.  http://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=E7lN9XxVdc0   Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×