Александр Ляказетт «Арсеналдан» кетті

04.06.2022, 19:07
Шабуылшы мансабын Францияда жалғастырады.
Александр Ляказетт «Арсеналдан» кетті

«Арсеналдың» шабуылшысы Александр Ляказетт маусым айының соңында келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты командадан кетеді. Бұл туралы «канонирлердің» баспасөз қызметі хабарлады.

«Ляказетт біз үшін керемет ойыншы болды. Ол алаңда да, одан тыс жерде де нағыз көшбасшы бола білді және жас ойыншыларға көп көмегін тигізді. Біз оған және оның жанұясына табыс пен бақыт тілейміз», - деді бас бапкер Микель Артета.

31 жастағы Ляказетт «Арсеналға» 2017 жылы «Лионнан» ауысып келген еді. Лондондық клуб жейдесінде француз шабуылшысы 206 матч өткізіп, 71 гол мен 36 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.

Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның ақпаратына сенсек, Ляказетт мансабын «Лионда» жалғастырмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×