Карлос Тевес мансабын аяқтады

05.06.2022, 01:20
Футболшы әкесінің өмірден өтуіне байланысты осындай шешім қабылдады.
Карлос Тевес мансабын аяқтады

«Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити», «Ювентус» клубтары мен Аргентина құрамасының бұрынғы шабуылшысы Карлос Тевес футболшы ретіндегі мансабын аяқтайды. 38 жастағы ойыншы 2021 жылдың ақпанында әкесі Сегундо Раймундоның қайтыс болуына байланысты футболды жалғастыра алмайтынын мәлімдеген еді.

«Мен ресми түрде мансабымды аяқтадым. Маған көптеген ұсыныстар түсті, соның ішінде АҚШ-тан. Бірақ осымен бәрі бітті, мен футболға қолымнан келгеннің бәрін бердім. Мен футбол ойнауды тоқтатамын, өйткені мен басты жанкүйерімді жоғалттым», - деді Тевес.

Тевестің соңғы клубы шабуылшы «Бока Хуниорс» болды. Бұған дейін аргентиналық футболшы «Коринтианс», «Вест Хэм Юнайтед», «Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити», «Ювентус» және басқа да командаларда қнер көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×