Александр Седнев: «Біз өз мүмкіндіктерімізді толықтай көрсете алмадық»

18.07.2022, 16:18
Кеше «Ақсу» бірінші таймның соңында он ойыншымен қалған еді.
Александр Седнев: «Біз өз мүмкіндіктерімізді толықтай көрсете алмадық»

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев «Ақсумен» болған ойын жайлы пікірін айтты:

- Алматыдағы жеңіліске байланысты бұл стратегиялық және эмоционалды тұрғыда қажетті жеңіс болып табылады. Алайда жеңіс бізге жақсы көңіл-күй сыйламады, әдетте үлкен әрі жүйке сыр беретін ойынның есебіне қуанатынбыз. Бүгін біз өз мүмкіндіктерімізді толықтай көрсете алмадық деп ойлаймын. Біз жылдам голдар соқтық және қарсыластың ойыншылары кеміп қалды, ал біз өкінішке орай, керемет шабуыл жасаған жоқпыз, тек жеке бастың шеберлігіне сүйендік. Бізге әлі тәжірибеге сеніп ойнауға ерте екенін мойындаймыз, өзіміздің үздік тұстарымызды қолдануымыз қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×