Рикарду Алвеш ирандық клубқа ауысты

18.07.2022, 18:26
Құрбан Бердыев португалиялық футболшыны өз командасына қосып алды.
Рикарду Алвеш ирандық клубқа ауысты

Алматылық «Қайрат» 29 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы Рикарду Алвештің ирандық «Тракторға» ауысқанын хабарлады.

Алвеш «Қайрат» сапында 2021 жылдан бері өнер көрсетті. Осы уақыт ішінде 36 ойынға қатысып, 3 гол мен 15 нәтижелі пастың авторы атанды.

Сондай-ақ португалиялық футболшы алматылық клубпен бірге УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңінде бақ сынады және 2021 жылы Қазақстан кубогін жеңіп алды.

Еске салайық, «Қайраттың» бұрынғы бапкері Құрбан Бердыев «Тракторды» жаттықтыруда. Ол ирандық клубта бас бапкер болып қана қоймай, техникалық директор қызметін де атқарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×