Пауло Дибаланың қай командаға ауысатыны белгілі болды

18.07.2022, 19:19
Аргентиналық футболшы мансабын А сериясында жалғастыра бермек.
Пауло Дибаланың қай командаға ауысатыны белгілі болды

Аргентиналық шабуылшы Пауло Дибала «Ромамен» келісімшартқа отырмақ. Бұл туралы италиялық журналист Фабрицио Романо хабарлады.

Римдік клубтың Дибалаға ұсынған келісім-шарты 2025 жылдың жазына дейін есептелген. Ойыншының мұндай шешім қабылдауына «Романың» бас бапкері Жозе Моуриньо себепкер болды, ол аргентиналық футболшыға телефон соғып, клубтың жобасы туралы айтқан.

Айта кетейік, «Ювентуспен» келісім-шартты ұзартпаған Дибала бір ай бойы еркін агент ретінде командасыз жүрді.

Пауло «Ювентус» сапында 2015 жылдан бері ойнап келді. Туриндік клуб үшін 293 матчта 115 гол соғып, 48 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×