Александр Седнев: «Мен біздің бұл жеңісті жақсылап бағалағанымызды қалаймын»

13.09.2021, 16:29
Шымкенттік клуб төртінші орынға таласуға дайын екенін көрсетті.
Александр Седнев: «Мен біздің бұл жеңісті жақсылап бағалағанымызды қалаймын»

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев алматылық «Қайратқа» қарсы өткізген жеңісті матч (2:1) жайлы ойын ортаға салды.

- Әрине, тек жағымды эмоцияларды бастан өткердік. Бірақ, біріншіден, біз өз жанкүйерлерімізбен ойнағанымызға қуаныштымыз. Команда үшін осындай қиын сәтте олар біздің ең адал достарымызға айналғанына және осындай қиын матчта қосымша күш бергендеріне өте ризамын. Алдағы уақытта да осылай болады деп үміттенемін. Екіншіден, мен қарсылас командаға нағыз ерлерге сай ойын көрсеткені үшін рахмет айтамын. Алғашқы таймның бір сәтінде аут біздің пайдамызға шешілген еді, алайда төрешілер теріс шешім шығарды, дегенмен де «Қайраттың» футболшысы бізге допты қайтарып берді. 0:0 болып жатқан матчта командалар допқа иелік етуге тырысып жүргенде ол допты қайтарып, әділ ойнады. Бұл мақтауға тұрарлық жағдай, кездесуден кейін мен қарсылас командаға және ойыншыға арнайы барып алғысымды білдірдім. Бұл іс-әрекеттері олардың жоғарғы деңгейлі команда екендерін көрсетеді.

Ойын екіжақты өрбіді, қарсылас алаңның көп бөлігін иемденді, бірақ біз қауіпті сәттерді ұтымды пайдаланғанымызда кездесуге ертерек нүкте қоя алар едік. Команда ішінде өткен ойыннан қалған есемізді қайтаратындай көңіл күй болды, біз бірінші айналымдағы жеңілісті есімізден шығармадық, ол кезде қарсылас он ойыншымен бізді жеңген. Бізге жақсы эмоциялар қажет, алайда мен өз футболшыларыма алғыс айтамын, олар бүгін алаңда бар күштерін салды. Бірақ, мен біздің бұл жеңісті жақсылап бағалағанымызды қалаймын, себебі жақында «Тұранға» қарсы оңтүстік дербиі күтіп тұр. Сол себепті, біздің ол матчқа дайындығымыз маңызды, біз бұл үшін барлығын жасайтынымызға сенемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×