Александр Москаленко: «Команда жеңіске деген жігер танытты»

13.09.2021, 16:56
Қостанайлық клуб әзірге көш басында тұр.
Александр Москаленко: «Команда жеңіске деген жігер танытты»

Қостанайлық "Тобылдың" бас бапкері Александр Москаленко "Каспиймен" өткен кездесуді қорытындылады:

— Ұлттық құраманың ойындарынан кейінгі бірінші матч қиынға түсті. Алғашқы 45 минутта команданың қолынан ештеңе келген жоқ. Ойынның екінші бөлігінде агрессия қосылды, бұдан бөлек, тыңнан шыққан жігіттер серпін беріп, қарсылас қақпасының алдында мүмкіндіктер пайда болды. Бірақ кей сәттерде дәлдік жетіспеді.

Команда жеңіске деген жігер көрсетіп, қажетті ұпайға қол жеткізді. Бүгінгі жеңіс – ертеңгі тарих. Алда маңызды ойындар күтіп тұр. Жанкүйерлерге қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын, бұл олардың да жеңісі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×