Поль Погба жақын арада «Манчестер Юнайтедпен» келісім-шартын ұзартады

13.09.2021, 20:06
Футболшының бұл шешіміне Роналду әсерін тигізген.
Поль Погба жақын арада «Манчестер Юнайтедпен» келісім-шартын ұзартады

Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Поль Погба "Манчестер Юнайтедпен" жаңа келісім-шартқа отырмақ, деп хабарлайды The Athletic.

28 жастағы француз футболшысы осы маусымның соңында еркін агент бола алады, бірақ оның манкуниандық клубта қалу туралы шешіміне шабуылшы Криштиану Роналдудың "Манчестер Юнайтедке" оралуы әсер етті, ол сенбі күні "Ньюкасл" қақпасына қос гол соқты. Ал Погба сол ойында екі нәтижелі пасты өз атына жазды.

Айта кетейік, Погба осы маусымда 4 кездесуге қатысып, 7 нәтижелі пасымен көзге түсті және үздік ассистенттер тізімінде жеке-дара көш бастап тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×