Александр Старков: «Қазақстан – мықты қарсылас»

27.02.2012, 20:05
Александр Старков: «Қазақстан – мықты қарсылас»
26 ақпанда Ригада өткен баспасөз мәслихатында Латвия ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Старков Қазақстан ұлттық құрамасының қаншалықты қарымдылығына өз бағасын берді.   «Әлбетте, Қазақстан құрамасы маған таныс. Ойындарын таспадан қарап шыққанмын. Иә, біз ФИФА рейтингінде бұлардан әлдеқайда жоғары тұрмыз. Және де, рейтинг әрқашанда обьективті көрсеткіш болып қала бермек. 70-74-орында тұрмыз ба, бұл межеге жету оңай емес. Дегенмен, футболда мықтыларды рейтингке қарап анықтаған дұрыс емес. Мәселен, 150-орындағы командамен болар ойынның алдында тыныш ұйықтауға болмайды. Сондай-ақ, үздік жиырмалыққа енген команданы да жеңіп кетуге болады. Сондықтан, футбол ойынының нәтижесін қазір болжай алмайсың. Яғни, біз рейтингке қарамаймыз. Одан да Қазақстанда футболдың қаншалықты дамып жатқанына, бұл елде спорттың осы түріне жоғары көңіл бөлініп жатқанына мән береміз. Бүгінде Қазақстанның барлық командалары Анталияда жүр. Шетелдік және жергілікті білікті мамандардың қол астында тәжірибе жинақтауда. Командалардың барлығы да жиындарында өте көп ойындардан өткізді. Демек, біз үшін Қазақстан - өте мықты қарсылас».  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×