Кургулин мен Көкеев Латвияға қарсы ойнамайды

27.02.2012, 20:06
Кургулин мен Көкеев Латвияға қарсы ойнамайды
Қазақстан ұлттық құрамасы Түркияның белек қаласында оқу-жаттығу жиынын жалғастыруда. 29 ақпанда Мирослав Беранек бастаған жігіттер Латвия құрамасына қарсы алаңға шығады.    Командамыз жоспарланған жүйе бойынша барлық жаттығу жұмыстарын ойдағыдай өткізуде. Күніне екі мәрте жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Өкінішке қарай, жарақаттарына байланысты Нұртас Кургулин мен Жамбыл Көкеев жиынға қатысқан жоқ. Бас бапкер олардың орнына ешкімді шақырмауды жөн көріпті. Беранек қолда бар ойыншыларға үміт артатынын көрсетуде. Өзге ойыншылардың барлығы да бабында. Бүгінде Белекте ауа-райы да жанға жайлы. +12 . +13 градусты көрсетіп тұр. Дегенмен ауа-райын болжаушы мамандар ойын күні термометр бағаны +5 градус жылылықты ғана көрсететінін айтуда. Сондай-ақ, аздаған жаңбыр себелеуі де мүмкін.  29 ақпанда Астана уақытымен 20.00-де біздің сайтта Қазақстан - Латвия матчының  онлайн трансляциясы жүргізілетін болады. Жіберіп алмаңыздар.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×