Александр Зинченко мансабын «Арсеналда» жалғастырады

18.07.2022 11:02 АПЛ

Украиналық футболшы үшін «канонирлер» 35 миллион еуро төлейді.

Александр Зинченко мансабын «Арсеналда» жалғастырады

«Манчестер Ситидің» украиналық қорғаушысы Александр Зинченко жақын күндері «Арсеналға» ауысады, деп жазады журналист Никола Скира өзінің Twitter парақшасында.

Дереккөздің мәліметінше, «Манчестер Сити» 25 жастағы қорғаушының трансфері үшін 35 миллион еуро алады. Ойыншы лондондық клубпен бес жылдық келісім-шартқа отырады.

«Арсеналға» ауысады деген ақпаратқа қарамастан, Зинченко оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін АҚШ-қа аттанатын «Манчестер Сити» ойыншыларының тізіміне енген.

Зинченко «Манчестер Ситиде» 2016 жылдан бері ойнап келеді. Оның клубпен келісім-шарты 2024 жылға дейін есептелген. Өткен маусымда футболшы «Манчестер Сити» сапында 28 матч өткізіп, 5 нәтижелі пас берді.

0 пікір