«Атлетико Мадрид» ивуарлық қорғаушымен мәміле жасаспақ

18.07.2022, 15:44
Өткен маусымды «Вильярреалда» өткізген футболшы қазір еркін агент атанды.
«Атлетико Мадрид» ивуарлық қорғаушымен мәміле жасаспақ

Кот-д'Ивуар құрамасының қорғаушысы Серж Орье «Атлетико Мадридке» ауысуға жақын, деп хабарлайды AS.

Басылымның хабарлауынша, еркін агент атанған ойыншыны мадридтік клубтың ұсынысы қызықтырып отыр. Орьеге «Фулхэм» мен «Галатасарай» командалары да қызығушылық танытқан болатын.

Өткен маусымда Серж Орье «Вильярреал» сапында 24 кездесу өткізіп, 2 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы 29 жастағы ивуарлық қорғаушының нарықтық құнын 10 миллион еуроға бағалайды.

«Вильярреал» ПСЖ және «Тоттенхэмде» доп тепкен Орьемен келісім-шартты жаңартпады, сондықтан ойыншы жаңа командасына еркін агент ретінде қосылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×