Маттейс де Лигт «Баварияға» ауысады

18.07.2022, 14:54
Трансфер құны 80 миллион еуроны құрады.
Маттейс де Лигт «Баварияға» ауысады

Мюнхендік «Бавария» «Ювентуспен» қорғаушы Маттейс де Лигттің трансфері туралы ортақ мәмілеге келді, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо.

Дереккөздің айтуынша, «Бавария» ойыншы үшін туриндік клубқа 80 миллион еуро төлейді. Де Лигт мюнхендік клубпен бес жылдық келісім-шартқа отырады.

Нидерланды құрамасының қорғаушысы бүгін медициналық тексерістен өтіп, ресми түрде «Бавария» ойыншысы атанады.

Де Лигт 2019 жылдан бері «Ювентус» сапында өнер көрсетті. Ойыншының туриндік клубпен келісім-шарты 2024 жылға дейін есептелген. Де Лигт өткен маусымда 42 ойынға қатысып, 3 гол мен 1 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.

2017 жылдан бері де Лигт Нидерланды құрамасына шақыртылуда. Осы уақыт ішінде 38 матч өткізіп, 2 гол соққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×