Самир Фазлидің хет-тригі «Тұранға» жеңіс сыйлады

18.07.2022, 03:52
Түркістандық клуб турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Самир Фазлидің хет-тригі «Тұранға» жеңіс сыйлады

Қазақстан кубогінің екінші турында «Тұран» мен «Жетісу» клубтары өзара мықтыны анықтады. «Түркістан Аренада» өткен ойын 3:0 есебімен аяқталды.

Матчтың 16-минутында «Тұран» шабуылшысы Самир Фазли баспен гол соқты. Сегіз минуттан кейін македониялық ойыншы есепті еселеді, ал 62-минутта хет-трик авторы атанды.

«Тұран» – «Жетісу» – 3:0

«Тұран»: Дінмұхаммед Жомарт (қ) – Андрей Залеский, Олжас Керімжанов (қ), Қасымжан Таипов, Руслан Жанысбаев – Абдуллай Диакате, Чиди Осучукву, Санжар Сатанов – Ален Айманов, Бекзат Қабылан, Самир Фазли;

«Жетісу»: Глеб Малиновский (қ) – Ерболат Рүстемов, Михаил Мищенко, Қалижан Ильясов, Тимур Жакупов – Мәди Хасейн, Давид Есімбеков, Павел Кривенцев – Равиль Атыханов, Еркебұлан Амангелді, Бауыржан Тұрысбек (к);

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×