Әлем Чемпионаты-2014 квалификациялық турнирінің жеребемен анықталу барысы «Ел Арнада»

26.07.2011, 19:21
Әлем Чемпионаты-2014 квалификациялық турнирінің жеребемен анықталу барысы «Ел Арнада»
Шілденің 30-ынан 31-іне қараған түнінде «Ел Арна» телеарнасынан әлем Чемпионаты-2014 квалификациялық турнирінің жеребемен анықталу барысы тікелей эфирден көрсетіледі. Трансляцияның басталу уақыты – 00:00 Астана уақытымен. Жеребе Бразилияда, Рио-де-Жанейро қаласында тасталады. Осы күні Қазақстан құрамасы өзінің іріктеу тобындағы қарсыластарын білетін болады. Біздің команда алтыншы дорбадан табылды. Европалық құрамалардың алды дорбада орналасуы: Бірінші дорба: Испания, Нидерланды, Германия, Англия, Италия, Португалия, Хорватия, Норвегия және Греция. Екінші дорба: Франция, Черногория, Ресей, Швеция, Дания, Словения, Түркия, Сербия, Словакия. Үшінші дорба: Швейцария, Израиль, Ирландия, Бельгия, Чехия, Босния мен Герцеговина, Беларусь, Украина және Венгрия. Төртінші дорба: Болгария, Румыния, Грузия, Литва, Албания, Шотландия, Солтүстік Ирландия, Австрия, Польша. Бесінші дорба: Армения, Финляндия, Эстония, Кипр, Латвия, Молдова, Македония, Әзербайжан, Фареры. Алтыншы дорба: Уэльс, Лихтенштейн, Исландия, Қазақстан, Люксембург, Мальта, Андорра, Сан-Марино
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×