Әлем футболындағы жаңалықтар

15.03.2014, 08:06
Әлем футболындағы жаңалықтар
Давид Вилья өзінің бұрынғы клубы "Валенсияға" қайтадан ауысуы мүмкін.
"Атлетико"   Фалькаоны "Монакоға" 60 миллионға сатып, орнына  Давид Вильяны алған болатын. Қаншаға дейсіздер ғой? Бар болғаны, 5-ақ миллионға сатып алған. Ал сол Вилья бүгінде "Атлетиконың" маңызды ойыншысына айналған.
Диего Симеоне: "Вилья понимает футбол лучше, чем Фалькао"
Диего Симеонның колумбиялық футболшы жайлы пікіріне зер салыңыздар:
 "Фалькао біздің командамыздағы жұлдызды футболшылардың бірі болды. Барлық шабуылымыз сол арқылы өрбіп отырды."
Ал испаниялық футболшы жайында былай деген екен:
"Вилья да Фалькаоның шебінде ойнайды. Оның шеберлігі өте жоғары, әрі ол футболды Фалькаодан артық түсінеді."
**********************************************************************************************************************
 Диего Коста отказался выступать за сборную Бразилии
Ағылшындық "Челси" командасы "Атлетиконың" бойтұмарына айналған Диего Костаны сатып алуды жоспарлауда. *
"Ақсүйектердің" бас бапкері Жозе Моуриньо бразилиялық футболшыны Әлем Чемпионаты басталмай тұрып өз командасына шақырмақшы көрінеді.
ff
Диего Коста Испания және Бразилия азаматтығын алған футболшы. Қазіргі кезде Дель Боске бастаған Испания ұлттық құрамасының шабуылшысы. Бразилия елінің атынан ойнауға ұсыныс түскенде шабуылшы бірден бас тартқан болатын. Қайда ойнаса да шын талантқа тұсау жоқ. Еңбекқор футболшының жұлдызды шағы әлі алда деп сенейік.
*********************************************************************************************************************
За Мирослава Стоха борятся сразу несколько клубов из России и Украины
"Фенербахченің" жартылай қорғаушысы Мирослав Стох, қазіргі кезде грекиялық ПАОК командасында жалға ойнап жүр. Оған қазандық "Рубин" командасы қызығушылық білдіруде. Футболшының құны 5 млн евроға бағаланып отыр.
Сонымен қатар голландиялық ПСВ командасы да "Рубинмен" таласқа түсіп көрмек.
**********************************************************************************************************************
Украиналық "Днепрдің" футболшысы Евгений Коноплянкаға ағылшындық Ливерпуль" және француздық ПСЖ командалары арасында талас жүруде,- деп хабарлайды британдық БАҚ өкілдері.
"Қызылдар" қысқы тарнсфер уақытында футболшыны сатып алуға жақын болған, алайда, келіссөз соңғы кезде жүзеге аспады.
**********************************************************************************************************************
Португалдық жаттықтырушы Андре Виллаш-Боаш питерборлық "Зенитпен" 3,5 жылдық келісім-шарт жасаспақшы.
Виллаш-Боаш қасына өз көмекшілерін ерте келетін көрінеді. Дегенмен, Сергей Семак клубтың штабында қалатын болды.
**********************************************************************************************************************
mame diouf
"Ганновер" командасының футболшысы Маме-Бирам Диуф жұма күні операция жасатты.
Алдағы "Байермен" болған ойында жарақат алып қалған Диуфтың қай күні алаңға шығатынын әлі ешкім кесіп айта алмайды.
**********************************************************************************************************************
Француздық шабуылшы Николя Анелька "Вест Бромвичпен" келісім-шарт жасасудан бас тартты.  ""Вест Бромвич" командасымен келісімге отыру барысында түсініспеушілік орын алды. Яғни, маған мен қаламайтын ұсыныс жасады. Сондықтан келісім-шартты бұзуға бел байладым",-деп жауап берді Анелька.
*********************************************************************************************************************
Италиялық "Верона" командасы исландиялық футболшы Эмиль Халлфредссонмен 2017 жылға дейін келісім-шарт мерзімін ұзартты.
Өткен маусымда 29 жасар футболшы Италияның А Сериясында 24 ойында 1 гол соққан.
*********************************************************************************************************************
Доменек как начал, так и закончил (видео)
Францияның экс-тренері Раймон Доменек Тунис ұлттық құрамасын жаттықтыруға үміткер.
Сондай-ақ, Жака Сантини, Алена Жиресса, Эрве Ренара және Роже Лемера да бас бапкерлікке үміткерлердің тізімінде тұр.
Доменек 2010 жылдан бері жұмыссыз. Оның басшылығымен Франция Әлем Чнмпионатына жолдама алған болатын.
**********************************************************************************************************************
Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×