АПЛ-дағы ең үздік 9 бапкер

16.03.2014, 20:12
АПЛ-дағы ең үздік 9 бапкер
1. Алекс Фергюсон – 27 рет айдың үздік бапкері атанды. Бірінші рет – 1993 жылы тамыз айында, жүлденің бірінші иегері болды. 27- ші жүлдесін – 2012 жылы қазан айында алды. Қай клуб сапында алғанын айтпаса да білесіздер. 2. Арсен Венгер – 13 рет, 1-ші жүлдесін – 1998 жылы наурыз айында, 13-ші жүлдесін – 2013 жылдың қыркүйек айында алды. 3. Дэвид Мойес – 10 рет, 1-ші жүлдесін – 2002 жылы қараша айында, 10-шы жүлдесін – 2013 жылы мамыр айында алды. Барлығын да –  «Эвертон» командасында жүріп алды. 4-5. Мартин О’Нил – 8 рет, 1-ші жүлдесін – 1997 жылы қыркүйек айында, «Лестер» командасында, 8-ші жүлдесін – 2011 жылы желтоқсан айында, «Сандерленд» командасында жүріп алған. 4-5. Харри Реднапп - 8 рет, 1-ші жүлдесін – 1998 жылы қарашада, «Вест Хэм» командасында, 8-ші жүлдесін – 2011 жылы қараша айында, «Тоттенхэм» командасында жүріп алған. 6-7. Рафаэль Бенитес – 6 рет, 1-ші жүлдесін – 2005 жылы қараша айында, «Ливерпуль» командасымен алса, 6-шы жүлдесін – 2013 жылы сәуір айында «Челси» командасында жүріп алды. 6-7. Сэр Бобби Робсон – 6 рет, Алғашқы жүлдесін – 2000 жылы ақпан айында алса, соңғысын – 2003 жылы қазан айында алды. Барлық жүлдесін «Ньюкасл» командасында алды. 8. Кевин Киган – 5 рет, 1 - ші жүлдесін – 1993 жылы қараша айында алса (суретте), 5-ші жүлдесін – 1995 жылы қыркүйек айында алды. Барлық жүлдесін – «Ньюкасл» командасында жүріп алған. 9. Сэм Эллардайс – 4 рет Ағылшын Премьер-Лигасында айдың үздік бапкері атағын жеңіп алған. Алғашқысын – 2001 жылы тамыз айында «Болтон» командасын жаттықтырып жүріп алған. 4-ші жүлдесін – 2014 жылы ақпан айында «Вест Хэм» командасын жаттықтырып жүріп алған. Сондай-ақ, 4 рет айдың үздік бапкері болып Карло Анчелотти, Рой Ходжсон, Джо Киннэйр және Гордон Стракан да алған екен.   Абылайхан ЖҰМАШ    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×