Артуро Видаль "Барселона" мен "Реалдың" басты назарында

15.03.2014, 18:33
Артуро Видаль "Барселона" мен "Реалдың" басты назарында
Артуро Видаль. Фото с сайта dynamo.kiev.ua Туриндік "Ювентус" футболшысы Артуро Видаль каталондық "Барселонаға" 50 миллион евро ұсынса ғана ауыспақшы,- деп мәлімдеді испандық БАҚ өкілдері.  Жазға трансферлік маусым уақытында "Барселона" 3-4 жаңа футболшы сатып алуды жоспарлап отыр. Солардың бірі чилилік футболшы Артуро Видаль. Каталондық басшыларға бұл оңайға түсе қоймас. Видальға "Реал" басшылығы да қызығушылық танытуда. Королдік клуб маусым аяқталысымен  Испаниядан кететін Карим Бенземаның орнын басатын бірден-бір футболшы ретінде чилилік сұрмергенді қарастырып отыр. Артуро Видаль  2011 жылы 22 шілдеде "Байер" командасынан "Ювентуске" ауысып келген болатын. Келісім-шарт 5 жылға жасалған. Трансфер құны 10,5 миллион евроны құраған. Осы уақыт аралығында   "Ювентуспен" Италия чемпионы атанды. 26 ойында 11 гол соқты. 2007 жылы Видаль  Чили ұлттық құрамасындағы алғашқы ойынын өткізді.  Венесуэлаға қарсы өткізген кездесуде жақсы ойынымен көзге түсті. Ұлттық құрама жейдесін 52 рет киіп, 8 рет гол соққан.     Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×