"Қайсар" маусымды сәтті бастады

16.03.2014, 04:15
"Қайсар" маусымды сәтті бастады
Біраз қаржы дағдарысына ұшырап, премьер- лигаға түрлі жағдайлармен келе алмаған еді бір жылдары. Енді биылғы футбол маусымы басталар кезде Қайсар дүйім жұртты өзіне қаратқан. Бюджеті үлкейді.  Біраз өзіндік рекорттар жасаған Қайсар командасының алғашқы ойыны көптің назарында болды биыл.  
 Қызылорданың «Қайсары» жаңа маусымды сәтті бастады. Өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубын қабылдаған Сыр өңірінің командасы Душан Савич соққан голдың арқасында 1:0 есебімен жеңіске жетті.
 «Қайсар» (Қызылорда) – «Ордабасы» (Шымкент) 1:0 Гол: Савич, 23-пен. Ескертулер: Балтаев, 56 – Юнузович, 22. Нұрғалиев, 60. Мұхтаров, 75. «Қайсар»: Прядкин, Дәуітов, Кулибали, Кляйн, Балтаев, Марушко (Яблан, 93), Шестаков, Калинин, Землянухин (Молдақараев, 72), Савич (Мощников, 70), Хунт. «Ордабасы»: Григоренко, Левин, Мұхтаров, Мвесигва, Сүйімбаев, Диакате, Черны, Гетериев (Касьянов, 74), Нұрғалиев, Әшірбеков (Тәжімбетов, 69), Юнузович (Төлебек, 82). Бас төреші:Александр Алиев (Алматы) Қызылорда. «Локомотив» стадионы, 4000 көрермен      Маусымның тұсаукесер ойыны болғандықтан екі команда да кездесуді өте сақ бастады. Дегенмен, өз жанкүйерлерінің алдында намысқа тырысқан қызылордалықтар ойын тізгінін өз қолдарына алып, жылдамырақ гол соғып алғылары келген. Әсіресе, оң қапталдағы Илья Калинин мен шабуылдағы Душан Савич белсенді болды. Матик Марушко да орталық шепке мықтап орналасып, қонақтардың шабуылдарына тойтарыс беріп отырды. Алайда, жаңадан жасақталған команданың әлі бір-бірлеріне бой үйренісе алмағандары көрініп тұрды. Түсініспеушілік те жоқ емес. Қайта үш-төрт жыл бойы өзара ойнасып, бір бірлерінің сырларын әбден біліп алған шымкенттіктер керемет түсініседі екен, қос қапталдан да шабуылдап, жанкүйерлерді біраз демдерін іштеріне тартқызды. Бірақ гол соғу бақыты бүгін алаң иелеріне бұйырды. Алдан Балтаевты етпетінен құлатқаны үшін бас төреші Александр Алиев пенальти белгілеп, нүктеген жақындаға македониялық шабуылшы Душан Савич 11-метрлік айып добын әдемі орындады. Есеп – 1:0. Бұл ойынның 23-ші минуты болатын. Осыдан кейін таблодағы нәтиже өзгерген жоқ. Дегенмен, екі команданың да гол соғатын мүмкіндіктері болды. «Ордабасы» сапында Эдин Юнузовичтің шірене тепкен добын Кирилл Прядкин қайтарса, «Қайсар» сапындағы Антон Землянухин, Римо Хунт сынды саңлақтардың соққыларына Григоренко тойтарыс берді. Сонымен, маусымды жеңіспен бастаған «Қайсар» келесі турда, яғни Ұлыстың ұлы күні 22-наурызда «Тараз» футбол клубын қабылдайды.
http://www.pfckaysar.kz/kaz/news/37
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×