Әлем футболындағы жаңалықтар

27.03.2014, 05:08
Әлем футболындағы жаңалықтар
Естеріңізге сала кетсек, Чемпиондар Лигасының 1\8 финалындағы "Манчестер Юнайтед"-"Олимпиакос" ойынының қаһарманы, жалғыз өзі-ақ "қызыл сойқандарды" ширек финалға сүйреп шығарған Робин ван Перси, сол матч аяқталуына 2 минуттай уақыт қалған кезде жарақат алған болатын.  Басында Дэвид Мойес те, және баспасөз де голландиялық шабуылшының жарақаты аса қатты ауыр емес, алаңнан 4-6 апта уақыт көлемінде ғана жырақтайды деген еді. Ал соңғы мәліметтерге сүйенсек, ван Перси өз отанындағы ең атақты хирургтердің біріне барып тексерілгелі кеткен екен. Жарақаты ауыр дейді. Тіпті, сұрмерген алдымыздағы Бразилияда өтетін дүбірлі додаға қатысу-қатыспауы да екіталай-мыс. Бірақ, бұның қауесет болуы да мүмкін. Дегенмен де, жел тұрмаса шөптің қимылдамайды деген тағы бар. Робин ван Перси осы маусымда "Юнайтед" сапында 18 мәрте алаңға шығып, 11 гол тоғытқан. ============================================================================================ Шетел басылымдарының хабарлауынша "Челси" сапында соңғы кездері нәтижелі ойынымен көзге түсіп жүрген Самуэль Это'O осы маусым аяқталған соң, испаниялық "Мальорка" командасына ауысады. Камерундық шабуылшы осы маусым басында ғана, ресейлік "Анжиден" Жозе шақыртуы бойынша, "Челсиге" келіп бір жылдық келісім шартқа отырған болатын. "Мальорка" Это'О үшін жат клуб емес. Осы жерде, уақытында жұлдызы жанып, 4 жыл тамаша ойын өрнегін көрсетіп, "Барселонадан" шақыртуы алған болатын. Және Это'Оның өзінін де футболшы мансабымды "Мальоркада" аяқтасам деген арманы бар екен. ============================================================================================ Жығылғанға жұдырық. Осыдан бір апта уақыт бұрын ғана "Шалькемен" болған ойында жарақат алып, біраз уақыт алаңнан тыс өмір сүруге мәжбүр болған "Реалдың" футболшысы Хесенің үйінде өрт шықты. Marca басылымының хабарлауынша, өрт кезінде Хесе зардап шекпеген. Бірақ, үйіндегі қызметшілерінің бірінің денесін 15 пайыз күйік шалып ауруханаға жеткізіліпті. ========================================================================================== "Gool.com" порталының хабарлауы бойынша "Челси", "Атлетикомен" Диего Коста жөнінде байланысқа түсті. "Ақсүйектер" сұрмерген Коста үшін 36 миллион еуро қаржы төлеуге дайын. Онымен қоса, Бразилиядағы әлем чемпионаты басталмай тұрып келісімге келуді ұйғаратын сынай танытып отыр. Оған себеп, Әлем біріншілігінде Испания сапында Диего Коста нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп жатса, бұл футболшының бағасы шарықтап кетуі әбден мүмкін. =========================================================================================== "Барселонаның" президенті Хосеп Бартамеудың айтуына бойынша, Лионель Месси жаңа келісім-шартқа қол қойған соң, әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшы болмақ. Хосеп Бартамеу: "Месси-біздің ең жарқын жұлдызымыз, оған 2018-ші жылға дейін созылатын келісім-шарт ұсынбақпыз. Әрине, Мессидің Барсаның ойыншысы болып қалғанын қалаймыз. Жаңа келісім-шартқа қол қойылысымен ол міндетті түрде әлемдегі ең қомақты жалақы алатын футболшы атанады. Және ол бұған лайықты" Естеріңізге сала кетсек, бұл атақ қазіргі таңда әлемнің ең үздік ойыншысы Криштиану Роналдуға тиесілі. =========================================================================================== "Football Direct News" порталының хабарлауынша, испандық "Валенсия" ойыншыларының бірі Эвер Банега Тұманды Альбионға ауысуы мүмкін. Оған, "Манчестер Юнайтед" пен "Ливерпуль" қызығушылық танытуда. Қазір Банеганың өзі отанында, яғни Аргентинада. Жергілікті "Ньюэллз Олд Бойз" командасына жалға берілген. =========================================================================================== Италиялық "Интер" сапы жазда Фернандо Торрес және Эдин Джеко сынды шабуылшылармен толығуы мүмкін. Торресты Челси, жазда жіберетінін айтады. Сонымен қатар, бұл футболшыға Атлетико да қызығушылық танытып отыр. Торрес онымен қоса, осы "матрасниктердің" түлегі. Ал, Эдин Джеко қосалқы құрамның ойыншысына айналғысы келмейтінін білдіріп, "Манчестер Сити" сапынан кететінін айтқан болатын.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×