Испан Примьерасы. Пиреней түбегіндегі триллер

24.03.2014, 14:21
Испан Примьерасы. Пиреней түбегіндегі триллер
Кәрі құрлықтың, тіпті дүние жүзінің клубтар арасындағы орталық матчы бүгін, Мадрид шаһарында өтпек. Атақты эль -класико! "Реал Мадрид"-"Барселона"!  Бұл командалар маусымда кем дегенде тағы бір мәрте(Испан Кубогінің финалы), егер де Чемпиондар Лигасының финалында кездессе 2 мәрте, жартылай финалында кездессе 3 мәрте жолдары түйіседі. Оны уақыт көрсетер, ал бүгін чемпионаттағы кездесу, бүгін чемпиондықтың тағдыры шешілмек. Корольдік клуб жеңіске жетіп жатса, католондықтарды 7 ұпайға озып алтын тағдырын шешпек. "Атлетико" кедергі жасағанның өзінде, "Реал Мадрид" маусымның қалған бөлігінде басымдылығын қолдан бере қоймас. "Барса" жеңсе, онда турнир кестесіндегі жағдай шиеленіскен үстіне шиеленісе түспек. Бүгінгі кездесу фавориті "Реал Мадрид" болады. Мәселе тек, өз алаңында ойнауында ғана емес, бұл команда 18 матч бойы жеңілістің ащы дәмін татпауда. Еуропадағы ғарышқа ұшып кеткен команданың біреуі "Бавария" болса, екіншісі, сірә, осы "Реал Мадри"д шығар. Ал, соңғы рет кімге жеңілді дейсіз ғой? Жауап қиын емес. Дәл осы "Барселонаға"! Иә, иә Тато Мартино баптайтын ұжымға. Камп Ноу алаңында 1:2 есебімен есе жіберген болатын. Одан кейін қанша уақыт өтті. Мадридтіктер кездескен қарсыласын талқандап келе жатса, керісінше католындықтардың жағдайы бөлек. Примьерада талай жеңілді. "Реал Сосьедадқа", "Вальядолидке" дегендей.. Кеше ғана "Рамос "бүгінгі "Барселонадан" ешкім қорықпайды"- деген. Қорықпайтыны қорықпаса да, қауіптенуге тұрарлық команда. Бәске бәрі тігілген, ар-намыс та, абырой да, түптеп келгенде осы жылғы Примьераның алтыны да! "Барселона" әлі тірі! Иә, ол бұрынғыдай сұсты емес, Гвардиола кезіңдегі сияқты танкі емес, иә, аутсайдерлер де оларды жеңе алады, бірақ олар тірі! Аутсайдерлерге болса да, алыптарға өз есесін жібермейтін блаугрананы бүгін көрдік. Қорғаныста әлі де жамалмаған тесіктер бар, бірақ, голдарды қарша борататын шабуыл өті де бар. Месси де, Неймар да, бүгін жарады. Алдынғысы хет-трик жасап, 1 голға айналған пас берсе, соңғысы 1 пенальти, бір голға айналған пас еншіледі. Эль-класикода бұндай тартысты матч көптен бері болмаған еді. Алпауыттар кездесуінде Фабрегас, Пепе секілді симулация корольдерінің актерлық шеберліктері де болды, алаңнан қуылу да болды, бірақ оның бәрі нәтижелі есептің көлеңкесінде қалғаны анық. Көшбасында, тағы да шиеленіс. Соңғы жылдары көз үйренгендей алтыннан екеу ғана емес, екеуінің арасындағы "Атлетико" да дәмелі.  Алтын тәжді кім киеді, болжау жасау қиын. Ал, дәл бүгінгідей кездесуден кейіне қиынның қиыны!

23 наурыз. Мадрид. Стадион "Сантьяго Бернабеу". Төреші- Альберто Ундиано Мальенко (Памплона).

РЕАЛ МАДРИД - БАРСЕЛОНА - 3:4 (2:2)
 Иньеста, 7 (0:1). Бензема, 20 (1:1). Бензема, 24 (2:1). Месси, 42 (2:2). Криштиану Роналду, 55 - пенальтиден (3:2).Месси, 65 - пенальтиден (3:3). Месси, 84 - пенальтиден (3:4).
Реал Мадрид Барселона
 Диего Лопес  Виктор Вальдес
 Марсело  Хорди Альба
 Пепе  Хавьер Маскерано
 Серхио Рамос  Херард Пике
 Даниэль Карвахаль  Даниэл Алвес
 Анхель Ди Мария, 85  Сеск Фабрегас, 78
 Хаби Алонсо  Серхио Бускетс
 Лука Модрич, 90  Хави
 Криштиану Роналду  Андрес Иньеста
 Гарет Бэйл  Неймар, 69
 Карим Бензема, 66  Лионель Месси
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Рафаэль Варан, 66  Педро, 69
 Иско, 85  Алексис Санчес, 78
 Альваро Мората, 90  

Ескертулер:

 Анхель Ди Мария, 35  Сеск Фабрегас, 43
 Пепе, 43  Серхио Бускетс, 66
 Хаби Алонсо, 85  
 Криштиану Роналду, 86  
 Лука Модрич, 88  
 Серхио Рамос, 63(қызыл қағаз)  

 

Бүгін-ертен Сегундаға ұшып кету қаупінде тұрған Бетиске қонаққа Симоне жігіттері келді. Мадридтен Андалусияға келіп қана қоймай, кезекті 3 ұпаймен қанжығасын майлап кетті. Бірінші таймда, қарсыластың осал тұстарын аңдыған "Атлетико", екінші таймда 10 минут ішінде 2 голды тоғыттты.

23 наурыз. Севилья. Стадион "Бенито Вильямарин". Төреші - Хавьер Эстрада Фернандес (Лерида).

БЕТИС - АТЛЕТИКО - 0:2 (0:0)
 Габи, 58 (0:1). Диего Коста, 64 (0:2).
Бетис Атлетико
 Антонио Адан  Тибо Куртуа
 Франсиско Чика  Фелипе
 Хорди  Диего Годин
 Паулао  Жоао Миранда
 Антонио Амайя, 27  Хуанфран
 Хуан Карлос, 70  Арда Туран, 66
 Альфред Ндиайе  Марио Суарес
 Лоренсо Рейес, 75  Габи
 Хуанфран  Коке, 83
 Хорхе Молина  Рауль Гарсия, 60
 Брайан Родригес  Диего Коста
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Ноно, 27  Диего, 60
 Мабвати Седрик, 70  Давид Вилья, 66
 Матилья, 75  Хосе Эрнесто Соса, 83

Ескертулер:

 Брайан Родригес, 29  Фелипе, 41
 Брайан Родригес, 56(қызыл қағаз)  Диего, 89
 Хорхе Молина, 61  
 Мабвати Седрик, 88  

 

Испан Примьерасының 29-шы турының қалған ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар: Сельта-Малага-0:2 Голдар: Камачо, 24 (0:1). Камачо, 32 (0:2). Гранада-Эльче-1:0 Гол: Браими, 62(1:0). Эспаньол-Леванте-0:0 Вальядолид-Райо Вальекано-1:1 Голдар: Зе Каштру, 8 - өз қақпасына (1:0). Буэно, 45 (1:1). Атлетик-Хетафе-1:0 Гол: Сусаета, 40(1:0). Осасуна-Севилья-1:2 Голдар: Хайро, 27 (0:1). Бакка, 45+1 - пенальтден(0:2). Акунья, 90+4 (1:2). Валенсия-Вильяреал-2:1 Голдар: Хави Фуэго, 35 (1:0). Хави Фуэго, 44 (2:0). Джовани, 83 (2:1).

Турнир кестесі.

 

М  Клуб ойын жеңіс тең жеңіліс доп айырымы ұпай
1  АТЛЕТИКО 29 22 4 3 66-21 70
2  РЕАЛ МАДРИД 29 22 4 3 80-30 70
3  БАРСЕЛОНА 29 22 3 4 85-25 69
4  АТЛЕТИК 29 16 7 6 52-32 55
5  СЕВИЛЬЯ 29 13 8 8 53-44 47
6  РЕАЛ СОСЬЕДАД 28 13 7 8 49-39 46
7  ВИЛЬЯРРЕАЛ 29 13 6 10 49-36 45
8  ВАЛЕНСИЯ 29 11 6 12 41-40 39
9  ЛЕВАНТЕ 29 9 10 10 26-35 37
10  ЭСПАНЬОЛ 29 10 7 12 32-34 37
11  ГРАНАДА 29 10 4 15 28-39 34
12  СЕЛЬТА 29 9 6 14 33-41 33
13  МАЛАГА 29 8 8 13 28-36 32
14  РАЙО ВАЛЬЕКАНО 29 9 3 17 33-63 30
15  ЭЛЬЧЕ 29 7 9 13 24-41 30
16  ОСАСУНА 29 8 5 16 25-50 29
17  ХЕТАФЕ 29 7 7 15 26-46 28
18  ВАЛЬЯДОЛИД 29 5 12 12 31-49 27
19  АЛЬМЕРИЯ 28 7 5 16 27-52 26
20  БЕТИС 29 4 7 18 23-58 19

 

  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×