Әлем футболындағы жаңалықтар

08.04.2014, 22:44
Әлем футболындағы жаңалықтар
Mirror: Кроос намерен перейти в «МЮ» - Футбол - Лига чемпионов УЕФА Германия ұлттық құрамасының және мюнхендік «Баварияның» футболшысы  Тони Кроос ағылшындық «Манчестер Юнайтед» командасына ауысуға қарсы емес көрінеді. «МЮ» басшылығы 24-жасар футболшыға 40 миллион фунт ұсынған. Алайда «Бавария» басшылығы Кроосты өз командасында сақтап қалуды ойластырып отыр. Егер келісім берсе  «МЮ» басшылығы Кроосқа аптасына 200 мың фунт төлеуге дайын екендіктерін жасырмады. ********************************************************************************************************************* The Independent: «Монако» готов предложить за Диего Косту 48 миллионов евро - Футбол - Чемпионат Испании «Атлетико» командасының үздік шабуылшысы Диего Костаға қызығушылық білдіріп отырған клубтардың саны уақыт өткен сайын артуда. Басты үміткерлер қатарында«Монако» мен «Челси» командалары. Екі клубтың басшылығы Костаны өз командаларының қатарынан көру үшін қазірден әрекет етуде. Өткен жазғы трансферлік маусымда қос клуб Радамель Фалькао үшін де таласқа түскен. Алайда, колумбиялық шабуылшы француздық  «Монаконы» таңдаған болатын. ********************************************************************************************************************** Сколари: «Жулио Сезар перейдет в «Торонто» - Футбол - Чемпионат США (MLS) Бразилия ұлттық құрамасының қақпашысы Жулио Сезар ағылшындық «КПР» командасынан кетпекші. Өткен маусымда «КПР» сапында 1 ойын өткізген. Футболшы АҚШ чемпионатында өнер көрсетіп жүрген «Торонто» клубына ауыспақшы. ********************************************************************************************************************** Бекхэм планирует пригласить Роналду в свой новый клуб в 2017 году - Футбол - Чемпионат США (MLS) Майамиде жаңа клуб құруды қолға алған Дэвид Бекхэм болашақта өз командасының сапына Криштиану Роналдуды шақыруды жоспарлап отыр. Бекхэмнің клубы MLS біріншілігінде өнер көрсететін болады. Дэвид командасына шақыратын танымал футболшылардың тізімін де жасап қойған көрінеді. Бекхэммен бірге басшылық жасайтындардың қатарында британдық бизнесмен Саймон Фуллер мен боливиялық миллиардер Марсело Кларе бар. Майами қаласының атынан өнер көрсететін клуб 2017 жылы MLS біріншілігіндегі алғашқы ойындарын өткізбекші. . ********************************************************************************************************************* Daily Mail: Мартинес может возглавить «Реал» - Футбол - Чемпионат Испании Ағылшындық «Эвертон» командасының жаттықтырушысы Роберто Мартинес алдағы уақытта «Реал» командасын жаттықтырып қалуы мүмкін. Егер Карло Анчелоттидің командасы Испания чемпионатын немесе Чемпиондар Лигасының бірін ұта алмаған жағдайда басшылық Мартинесті командасына шақырмақ. ********************************************************************************************************************* Роналду, вероятно, пропустит матч с «Боруссией» - Футбол - Лига чемпионов УЕФА «Реалдың» көшбасшы Криштиану Роналду мадридтік клубпен жаттығуын ерте аяқтады. Алдағы «Боруссиямен» болатын ойынға шығу-шықпауы әзірге белгісіз. Жаттығу кезінде Криштиану өзін жайсыз сезініп, дәрігерлік көмек сұрады. Немістермен болған ойында тізесінен алған жарақаты сыр беріп, жаттығу алаңынан кетуге мәжбүр болды. Сонымен қатар, Гарет Бэйл да бүгінгі ойынға қатыспайды. Уэльс футболшы «Реал Сосьедад» командасымен болған ойында тізесін жарақаттап алған болатын. ********************************************************************************************************************** Испаниялық "Валенсия" командасының қорғаушысы Али Сиссокоға италиялық "Милан" қызығушылық білдіріп отыр. Сиссоко трансферлік маусым кезінде  "Ливерпуль" командасына жалға берілген болатын. ********************************************************************************************************************* Жапондық футболшы Кейсуке Хонда «Дженоа» командасына қарсы кездесуде ойынның 56 минутында гол соқты. Бұл Хонданың Италия А сериясындағы алғашқы голы. Бұған дейін жартылай қорғаушы Италия Кубогындағы ойында «Специя» командасына гол соққан. ********************************************************************************************************************* Джей Родригес пропустит чемпионат мира - Футбол - ЧМ-2014 «Саутгемптон» командасының шабуылшысы Джей Родригес Әлем Чемпионатына бара алмайтын болды. «Манчестер Сити» командасымен болған ойында тізесінен жарақат алды. Енді футболшы жарты жылға жасыл алаңға шықпайтын болды. Родригес Ағылшын Премьер-лигасында 15 голмен мергендер көшінде алдыңғы қатарда келеді. Серхио Агуэро және Уэйном Рунимен 4-6 орындарды бөлісуде. ********************************************************************************************************************** Goal.com: «Тоттенхэм» расстанется с Тимом Шервудом  - Футбол - Чемпионат Англии «Тоттенхэм» командасының басшылығы команда бас бапкері Тим Шервудпен маусым аяқталған соң қош айтыспақ. Желтоқсан айында Андре Виллаш-Боаштың орнына отырған Тим Шервуд «Тоттенхэммен» 2015 жылға дейін келісім-шарт жасасқан болатын. 45 жасар маман жаңа командасымен 20 ойын өткізіп, 9 мәрте жеңіске жетіп, 8 рет жеңіліп, 3 рет тең нәтижеге қол жеткізген. *********************************************************************************************************************   Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×