Бүгін түнде ЛЧ

08.04.2014, 17:25
Бүгін түнде ЛЧ
Бүгін чемпиондар лигасының ширек финалдарының жауапты матчтары өтеді. Онда ағылшынның Челси командасы өз алаңында ПСЖ командасымен ойнайды. Бір апта бұрынғы ойында франциялықтар 3-1 есебімен жеңген болатын. Сол ойыннан соң ақсүйектердің жартылай финалға жолдама алуы қиындай түсті. Бірақ, дегенмен де бүгін түнде өтетін бұл ойынға ПСЖ командасының негізгі лидері Златан Ибрагимович алаңға шықпайды. Ол алғашқы ойында ауыр жарқат алып қалды. Бұл жағдай Жозе Мауриньо шәкірттері үшін өте жақсы жаңалық. Португалиялық маманның ойынша оның командасы ойынды 2-0 есебіәмен ұтып, келесі кезеңге өте алатын жағдайда. Дегенмен де,  барлық жағдайды тек бүгін түнде болатын Стэмфорд Бридждағы ойыннын ғана көретін боламыз. Сонымен қатар, екінші ширек финалдық ойын Германияның Дортмунд қаласында өтпек. Онда жергілікті Боруссия атақты мадридтің Реалын қабылдайды. Бірінші ойында корольдік ұжым Сантьяго Бернабеуде 3-0 есебімен, айқын басымдылық көрсеткен болатын. Ал бұл жолғы ойында дортмундтықтар жеңіске жетеміз деп отыр. Бірақ, олардың бас бапкері Юрген Клопта қарсыластың мықты екенін әрі бірінші ойында жіберілген 3 допты қайтару өте қиын жағдай екенін ескертіп отыр. Қос ойын Астана уақытымен бүгін түнгі 00-45 минутта басталады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×