Әлемдегі ең бай жаттықтырушылар

19.03.2014, 08:04
Әлемдегі ең бай жаттықтырушылар

    

Ақша-футбол. Әрине, дәл қазіргі таңда екеуі синоним. Бірақ, қашан антоним болып еді. Еуропаның аутсайдер командаларында ойнайтын қосалқы құрам ойыншыларының өзі, адам өмірін құтқарар дәрігерлерден кем дегенде он есе артық алады. Бір командананың көкке өрлеуі де, құлдырауы да сол ақшаға байланысты. Басшың шейхтар, үлкен компания иелері немесе Абромович секілді қалталы болса, командада жұлдыз да болады, кешіксе де, нәтиже де болады. Ақшан болса қалтаңда, талтаңдасан талтаңда деп бекер айтпаған ғой еркін қазақ.

Соңғы кездері аладоп әлемінде ақша жайлы әңгімелер толып жүр. Жақында ғана Роналдудың ең бай футболшы екенін де естідік. Онымен қоса бас айналдырарлық соммаға сатып алынатын аяқдопшылар. Ол миллионерлердің  алатын жалақылары қазір ешкімге де сыр емес. Ал, біз сол миллионерлерді баптайтын жандардың жылына қанша табыс табатыны жайлы мәлімет жинауды жөн көрдік. Назарларыңызға, әлемнің ең бай 10 жаттықтырушысын ұсынамыз. Сонымен, мәрхабат!

     10.  Мануэль Пеллегрини, "Манчестер Сити".  4.165 миллион еуро

     Чилилік бапкерде Испанияда да, ақша жағынан қиындық көрген емес. Әуелі "корольдік клубта", кейін "Малагада" да қалтасын толтырды. Нәтижесіз емес. "Малаганы" Примьердағы төртінші орынға шығару, Чемпиондар Лигасындағы ширек финал. Қазірде ақшамен үй салатын шейхтардың командасы "Манчестер Ситиге" келді. Алып жатқан ақшасын ақтап жүр. "Қалалықтар" чемпионатта чемпиондыққа таласып жатса, әлемнің үздік клубтық турнирінде тарихында тұңғыш рет плей-офф кезеңіне шықты. 

     9. Юрген Клопп, "Боруссия Дортмунд". 4.3 миллион еуро

     Клоппты-көбі футболдың философы дейді. Бекер емес. Былтырғы жетістігіне, алдынғы жылдардағы қатарынан екі чемпииондыққа қарап-ақ келіспеу мүмкін емес. Былтырғыдай жас, тәжірбиесіз команданы Чемпиондар Лигасында финалға шығару екінің бірінің қолынан келмес. Жас команданы баптау, сенімділік енгізу, өздерінің мықтылығына сендіру. Клопп келгенде "Боруссия" ортаң қол команда, 2-3 маусымда бір рет Еуропа Лигасында өнер көрсететін ұжым еді. Ал, қазір қандай? 

    8. Херардо Мартино, "Барселона". 5.4 миллион еуро

     Жомарт католындықтар Мартиноға жылына осындау қаржыны төлеуді жөн көріпті. Бұл жаттықтырушы ешқашан Еуропада қызмет атқармаған. Бірінші сапары-анау-мынау емес "Барселона"! Қайда келгенін, қандай тәуекелге барғанын әлі толық түсінбеген болар. Чемпиондар Лигасындағы ширек финал, чемпионаттағы чемпиондыққа талас "Барсаның" жылдағы әдеті. Сондықтан да, Мартино осындай қаражатқа лайық па, лайық емес пе оны маусымның аяғы айқындап бермек. 

     7. Дэвид Мойес. "Манчестер Юнайтед".  5.9 миллион еуро

    Алаш үшін киелі санды Алекс Фергюсон ізбасары иемденіпті. Бұл бапкерді сынау еріккеннің ермегіне айналды. Түсінікті, құлдырауға кімді айыптайтындары. Бірақ, проблема жаттықтырушыда емес, командада. Видич, Фердинадтар кәрі. Кем дегенде екі жақсы орталық қорғаушы керек. Эвра да бұрынғыдай жылдам емес. Кейде шабуылға араласқан кезде, қорғанысқа қайтуға үлгермейді. Бұл жалғыз қорғаныстың пролемасы! Тәтті проблема емес! Осындай қиындықтармен ғажайып күтеді. Мойес-керемет бапкер, бірақ ол-сиқыршы емес!

     6. Карло Анчелотти. "Реал Мадрид".  7.5 миллион еуро

     "Реал Мадрид" үшін ақша түкке де тұрмайды. "Реал Мадридтің" футболдық командадан гөрі, үлкен бизнес жоспарға айналғаны қашан. Карло қанша жалақы алса да өзін кез келген жерде ақтайды. Биылғы маусымда соған дәлел. 

     5. Фабио Капелло, Ресей ұлттық құрамасы. 7.8 миллион еуро

     Ресей ұлттық құрамасы да жаттықтырушыларын ақша жағынан ренжіткен емес. Дик Адвокат, Гус Хиддинктер де өз кезеңінде әлемнің бай жаттықтырушыларының тізіміне енген. Бұл бапкер де миллионды ақтап жүр. Ресей, іріктеу кезеңінде Португалияны екінші орында қалдырып топтан шығып, Әлем чемпионатына жолдама алды. Онымен қоса, дон Фабио жас ойыншылармен де жақсы жұмыс істейді.

     4. Арсен Венгер. "Арсенал". 8.26 миллион еуро

     Алты тіл білетін Венгер де аз ақша таппайды. Бірақ, алған ақшасын жылда клуб қазынасына 4-5 есе көбейтіп қайтарады. Жас ойыншылардың бағын ашып, үлкен клубтарға сату-бұл "Арсеналдың" соңғы 10 жыл ішіндегі стратегиясы. Сондықтан да, үлкен жеңістер әлі жоқ. Бірақ, бұған бола Венгерді ешкім айыптамайтыны анық.

   3. Марчело Липпи. "Гуанчжоу". 10 миллион еуро

     Италияның ұлы адамы 65 жасында табыс көзінен қол жүлде иегері. Негізі, жасы келген футболшы үшін, жаттықтырушы үшін Азия жайлы мекен. Липпи нәтижеден де кенде емес. "Гуанчжоу"-Азия Чемпиондар Лигасының чемпионы, Қытай чемпионы. Онымен қоса, команда ойының тамашалауға келетін жергілікті жанкүйерлер саны да аз емес. Егер, "Гуанчжоудың" өз алаңында ойнайтын бір ойының тамашаласаңыз стадионда ине шаншар орын болмайтыны көресіз. 

   2. Жозе Моуриньо. "Челси". 10.03 миллион еуро

    Біреу үшін қаһарман, біреу үшін эгоизмнің ең биік сатысындағы адам. Жозе Моуриньо. Тік мінезді, жүрген жерінен шу шығарып жүрер қасиетімен қоса, керемет бапкер. Керемет болғанда қандай. Жүрген жері шумен қоса жеңіс. Табар ақшасы үшін бұл бапкерді сынап жату артықтық болар.

 1. Пеп Гвардиола. "Бавария".  17 миллион еуро

    Дайын асқа келді дер бәзбіреулер. Ол да шың шығар. Бірақ, бұл әңгімелер Пептің осындай ақшаға лайықты екенін жоққа шығара алмайды. Гвардиола-әлемдегі ең көп жалақы алатын жаттықтырушы. Бұл заңдылық. "Баварияға" тең келетін дәл қазіргі таңда әлемде команда да жоқ, Гвардиолға тең келер жаттықтырушы да жоқ.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×