Тұманды Альбион түріктер үшін тұманды

19.03.2014, 09:53
Тұманды Альбион түріктер үшін тұманды
Еуропа Чемпиондар Лигасы осы аптада, ширек финалға шығатын тағы төрт ұжымды анықтап бермек. Естеріңізге сала кетсек, кәрі құрлықтың үздік 8 командасының алғашқы төрттігін "Бавария", "Барселона", "Атлетико Мадрид", "ПСЖ" секілді мықтылар иемденген болатын. Көріп отырғаныздай бұл қатарда ағылшындық бірде-бір команда жоқ. "Қалалықтар" мен "зеңбірекшілер" жарыс жолынан шықты, Англияның бар үмітi "ақсүйектер" мен "қызыл сойқандар" да. Шындығына келсек, бар үмітті көбірек  лондондықтарға артатыны анық.   Үміт артар "Челси" бүгін өз алаңында "Галатасарайды" қабылдамақ. Туркиядағы ойында Жозе шәкірттері жеңісті уысынан шығарып алғантұғын. Бірақ, бастысы бір гол салды. Қонақтағы бір гол жақсы нәтиже. Демек, түріктерге міндетті түрде гол керек. Олар үшін бұл психологиялық қысым. Онымен қоса, статистика да ағылшындар пайдасына сайрайды. "Галатасарай" осыған дейін Англияда 8 кездесу өткізіп, 8-інде де жеңілген. Бұл статистиканың қонақтар үшін жақсаруы мүмкін, бірақ Жозе бұндай масқаралыққа жол бере қоймас. Әрине, кездесудің драмасы Дрогбаның "Стэмфорд Бриджге" оралуы болмақ. "Челси" ойыншысы ретінде емес, "Челсиге" қарсылас ретінде. Жаяу жүріп-ақ жеңіске жетті деген осы шығар. Әрине, өз алаңындағы "Галатасарай" мен, қонақтағы "Галатасарай" екі түрлі команда, аспан мен жердей. Қалай болса да, бұл Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңі, алаңға шыққан соң қарсылық таныту керек қой. Түріктерден күткеніміз бұл емес еді. Матча қақпаға тура бағытталған бірде-бір соққы жоқ. Тіпті, Ағылшын Примьер-Лигасындағы ең осал команданың өзі "Стэмфорд Бриджға" келгенде, Чехты бұлай соншалықты қақпада сарғайттырып қоймайды. Керісінше, Муслерада жұмыс көп болды. Қақпада, екі қарсылас теннисшілердің ұрған добы секілді, оңды-солды секірді. "Галатасарайда" көзге түскен бір ойыншы болса, осы Муслера болар. Тіпті, оның шеберлігінің өзі қақпаны екі голдан аман алып қала алмады. "Челси" ширек финалда. Англияны да, ағылшындық клубтың өзің де, бұл жетістігімен құттықтаймыз. Чемпиондар Лигасының ширек финалы ағылшындық клубтарды сағынған секілді. Жақында ғана, "Челси" ойыншылары: "біз Англия футболын Еуропа алдындағы масқарылықтан сақтауымыз керек, "Манчестер Сити" мен "Арсеналдың" ұтылғаны өкінішті, өзімізге де "Манчестер Юнайтедке" де сәттілік тілейміз"-деген болатын. Намысқа тырысқан жігіттер жеңіске жетті. Енді, ширек финалда ешкімнің де бұл ұжымды қарсылас ретінде көргісі келмейтіні анық. Тіпті, неміс машинасының өзі де.

18 наурыз. Лондон. Стадион "Стэмфорд Бридж".  Төреші - Феликс Брых (Германия).

ЧЕЛСИ - ГАЛАТАСАРАЙ - 2:0 (2:0)
 Самуэль Это'О, 4 (1:0). Гари Кэхилл, 42 (2:0).
Челси Галатасарай
 Петр Чех  Фернандо Муслера
 Бранислав Иванович  Эмманюэль Эбуэ, 77
 Гари Кэхилл  Орельен Шеджу
 Джон Терри  Семих Кайя
 Сесар Аспиликуэта  Алекс Теллес
 Рамирес  Екта Куртулуш, 67
 Фрэнк Лэмпард  Фелипе Мело
 Виллиан, 90+3  Бурак Йылмаз, 54
 Эден Азар  Сельчук Инан
  Оскар, 82  Уэсли Снейдер
 Самуэль Это'О, 85  Дидье Дрогба
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Андре Шюррле, 82  Умут Булут, 54
 Фернандо Торрес, 85  Хакан Балта, 67
 Томаш Калас, 90+3  Изет Хайрович, 77

Ескертулер:

  Оскар, 40  Фелипе Мело, 19
 Бранислав Иванович, 58  Дидье Дрогба, 68
   Сельчук Инан, 90+1

 

Англияның астанасынан Испания астанасына ауысамыз. Ширек финал тағдыры шешіген футбол матчы болып өтті. Гельзенкирхендегі "Реалдың" 6:1 жеңісінен кейін, командалар тіпті командалар алаңға шықпаса да ешкім уәж айта қоймас еді. Жазылған заң бар, және футболға ынтызар жанкүйерлер бар. Бұл ойын корольдік клуб үшін, сенбідегі эль-классико алдындағы репетиция еді. Репетицияның өзіне бей-жәй қарамайтын Анчелотти шәкірттері қарсыласты тас-талқан етпесе де, 3-1 есебімен жеңіске жетті. Бір қынжылтатыны, 8-ші минуттағы Хесенің жарақаты. Ауырлығы соншалықты, алаңнан өз еркімен кете алған жоқ. Аяғы жақсы болсын деп тілейміз. Жас ойыншылардың психологиясына кез келген жарақаттың өзі соққы. Естеріңізге сала кетсек, ширек финалдың жеребе тарту рәсімі жұма күні болып өтпек. "Бавария", "Барселона", "Атлетико Мадрид", "ПСЖ", "Челси", "Реал Мадрид" командарына, ертеңгі "Манчестер Юнайтед"-"Олимпиакос", "Боруссия Д"-"Зенит" кездесулерінен кейін тағы екі ұжым қосылмақ.

18 ақпан. Мадрид. Стадион "Сантьяго Бернабеу".  Төреші - Сергей Карасев (Ресей).

РЕАЛ МАДРИД - ШАЛЬКЕ 04 - 3:1 (1:1)
 Криштиану Роналду, 21 (1:0). Тим Хоогланд, 31 (1:1). Криштиану Роналду, 74 (2:1). Альваро Мората, 75 (3:1).
Реал Мадрид Шальке 04
 Икер Касильяс  Ральф Ферманн
  Начо  Тим Хоогланд
  Серхио Рамос, 70  Бенедикт Хеведес, 58
 Рафаэль Варан  Жоэль Матип
 Фабиу Коэнтрау  Сеад Коласинац
 Асиер Илльярраменди  Каан Айхан, 81
  Хаби Алонсо, 46  Роман Нойштэдтер
  Иско  Чинеду Обаси
 Хесе, 8  Макс Майер
 Альваро Мората  Юлиан Дракслер
 Криштиану Роналду  Клаас-Ян Хунтелар, 46
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Гарет Бэйл, 8  Адам Салаи, 46
  Каземиро, 46  Кирьякос Пападопулос, 58
 Даниэль Карвахаль, 70  Энтони Аннан, 81

Ескертулер:

 Асиер Илльярраменди, 58  Кирьякос Пападопулос, 79

 

  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×