Тірі адамның көзі тірісінде ескерткіш қою дегенге бүгінгі заманда ешкім таңғалмайды. Былтырғы алтын доптың иегері Криштиану Роналдуға ескерткіш орнатпақ. Орнатылатын жері, футболшының өзі туылған Мадейра аралындағы Фуншал қаласы. Фуншал есімді шағын ғана қала әлем тарихындағы үздік ойыншылардың бірін дүниеге 1985 жылы ақпан айында дүниеге әкелген екен. Португалиялық басылымдардың мәлімдеуінше, ашылу салтанаты осы жылдың желтоқсан айында өтеді.
Негізі, Португалия мен Реал Мадрид клубының шабуылшысы Роналду туған қаласында "Андориния" деген әуесқой футбол клубында ойнаған екен. 1995-жылы "Насьоналға" ауысып, екі жылдан кейін "Спортингтің" академиясынан бір-ақ шығады. Ал, одан кейінгі футболшылық ғұмыры бәрімізге де белгілі.
Фараби ӘБДІХАЛЫҚ