Алматылық футболшылар Луцка қаласының қарсыластарына 1:2 есебімен жеңіліп қалды

24.02.2012, 02:47
Алматылық футболшылар Луцка қаласының қарсыластарына 1:2 есебімен жеңіліп қалды
Кеше Түркияда «Қайрат» пен «Волынь» футбол командалары жолдастық кездесу өткізді.Бұл 3-оқу жаттығу жиынындағы алматылықтардың үшінші, ал луцкалықтардың алтыншы жолдастық кездесуі болатын. Онда Дмитрий Огай жаттықтыратын қазақстандықтар Анатолий Демьяненко баптайтын украиндықтарға 1:2 есебімен есе жіберді. 2001/02 жылғы маусымда Бірінші лиганың жеңімпазы болған «Волынь» командасы 2010/11 жылғы маусымда Украин премьер-лигасында 11-орын алған болатын. 2011/12 жылғы маусымда 20  матчтан кейін бүгінгі күні  он алты команданың арасында 19 ұпаймен 12-орында келе жатыр. Түркиядағы соңғы жаттығу жиынын 16 ақпанда бастаған алматылықтар бұған дейін Сербияның бірінші лигасындағы Печинци қаласының «Доньи Срем» командасына  0:3 есебімен ұтылып, Ресейдің бірінші дивизионындағы Калининградтың «Балтика Калининград» командасымен тең есепті қанағат тұтқан болатын. Бастапқы кезде олар 22 ақпанда Ресейдің екінші дивизионындағы Белградтың «Салют» командасымен екі кездесу өткізеді деп жоспарланған еді. Алайда бұл ойын ресейліктермен емес украиндықтармен өтті. Енді 25 ақпанда   Иранның  Исфахан қаласының «Сепахан Спорт» командасымен, 26-сы күні  былтыр Австрия Бундеслигасының күміс  жүлдегері болған Зальцбург қаласының «Ред Булл Зальцбург» пен  Украинаның бірінші лигасында өнер көрсететін Ужгород қаласының «Говерла Закарпатье»  командасымен сайысады. Ал 29 ақпанда соңғы жолдастық кездесуін Львов облысының Бірінші лигасында ойнайтын Львов қаласының «Погонь» командасымен өткізеді. Ал 2 наурызда жиынды аяқтап, соңғы әзірлігін Алматыда пысықтайтын болады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×