Балалар мен жасөспірімдер футбол концепциясының Қарағандыда жүзеге асуы

24.02.2012, 02:46
Балалар мен жасөспірімдер футбол концепциясының Қарағандыда жүзеге асуы
Қарағанды "ҚР-дағы балалар және жасөспірімдер футболының дамуы 2012-2022 жж." концепциясының жүзеге асып, қайта жанданған футбол орталығының жұмыс істей бастаған еліміздегі екінші қала болды.   "Шахтер" футбол орталығының техникалық директоры Юрий Свирков алдын ала өткізілген байқаудың қорытындысы бойынша, балалар жаттықтырушыларының командасын жасақтап шығарды. Енді Қарағанды қаласы мен облыстағы футбол дарындарын іріктеп, орталықтың жаңа өмірін бастайтын болады. Орталыққа қызмет атқаруға шақырылған 10 бапкердің ішіндегі Фарид Садриев, Александр Нестеров, Сергей Дубков, Берік Рахымбеков сынды саңлақтар өздері де кезінде жасыл алаңда жай оғындай жарқылдаған футболшылар болған. Бәрінің де жаттықтырушылық тәжірибелері мол. Жастары да әркелкі. Ең жас бапкердің жасы бар болғаны 25-те. Бапкерлердің жастарының әркелкі болуы - концепцияның кадрлық жүйесінің басты талаптарының бірі. "Шахтер" футбол орталығының жаттықтырушылары үшін теориялық жұмыстардың циклін ҚФФ спорт директорының өзі ашып берді. Практикалық жұмыстарды лекциялармен ұштастырып отыратын мамандар, сонымен қатар өздері де білімдерін шыңдаумен болады. Яғни, бапкерлер жыл бойы айына сегіз реттен өздері де теориялық тұрғыда білім алумен болады. Анатолий Юревич, ҚФФ Спорт директоры: - Іріктелген мамандар бұл орталыққа кездейсоқ тап болмағандарын өздерінің ынта-жігерлерімен дәлелдеп отыр. Бәрі де Қазақстан футболы үшін жандарын беретін бапкерлер. Олардың еңбектері де лайықты бағалануда. Кемі 150 мың теңгеден жалақы алатын болады. Мұнымен, ел футболында жүзеге асатын керемет жобаның бір бөлшегі ретінде өздерін көрсетулеріне толық мүмкіндік бар. Әлі атқарылатын істер өте көп. Әртүрлі жас аралығындағы дарындарды Қарағандыдағы футбол орталығына іріктеу жалғасуда. Тек үздіктер ғана бұл орталықта жаттығатын болады. Ендігі кезекте осындай орталықты Павлодар қаласында ашу жоспарда тұр. Жалпы, бәрі де жоспармен жасалуда. http://kff.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×