Қазақстан премьер-лигасының үздік 100 сұрмергені (1992 — 2011жж.)

24.02.2012, 02:45
Қазақстан премьер-лигасының үздік 100 сұрмергені (1992 — 2011жж.)
Назарларыңызға Қазақстан премьер-лигасының барлық чемпионаттарының үздік 100 сұрмергенін ұсынамыз.   Марқұм Олег Литвиненконың рекордтық көрсеткішінен әлі ешкім асып түскен жоқ. Оның еншісінде 147 гол. Оған кейіннен есепке алынбай, күшін жойған тағы бір голын қосыңыз (мұндай голдар кестеде + белгісімен көрсетілген). Екінші орынға 142 голмен Нүркен Мазбаев орналасты. Өткен маусымда үздік сұрмергендер үштігін кіл тараздық футболшылар құрап тұрған. Бірақ Орал футболының түлегі Нұрбол Жұмасқалиев 137 голмен Мұрат Тілешевті артта қалдырды. Сонымен қатар, алдағы уақытта Нұрбол сұрмергендер көшін бастауы да ғажап емес. Соңғы біріншіліктің үздік сұрмергені, өзбек шабуылшысы Ұлықбек Бакаев үздік ондыққа енді. Оның еншісінде 89 гол. Айта кетейік, Ұлықбек легионер сұрмергендердің көшін бастап тұр. Сондай-ақ, жақын уақытта үздік ондыққа енуге "Шахтер" капитаны Андрей Финонченко да үмітті. Өткен маусымның қорытындысы бойынша, бәрінен жоғары сатыға өрлеген футболшы Дәуренбек Тәжімбетов болды. Ол 127-ші орыннан бірден 81-сатыға көтерілген. Яғни, +46 орын. Марат Хайруллиннің де көрсеткіші жаман емес, +39 орын. Ивана Перича +33, Георгий Даскалов +29, Сергей Струков +19, Константин Головской +14. Ал Ғани Қайназаров пен Александр Антропов рейтингтегі орындарын оңбай жоғалтқандардың көшін бастап тұр. Екеуі де жеті сатыға төмендепті. Нұрмат Мырзабаев, Андрей Богомолов, Қуаныш Қарақұлов сынды саңлақтар рейтингте 6 сатыға төмендеген. Топ-100 сұрмерген тізімінен Александр Крохмаль, Александр Митрофанов, Юлдашбек Исраилов және Олег Корниенко түсіп қалды. Бұлардың барлығы да жасыл алаңдағы ғұмырын аяқтаған. Яғни, үздік жүздікке қайта енулері мүмкін емес. Олардың орындарын Марат Хайруллин, Сергей Струков, Иван Перич, Дәуренбек Тәжімбетов сынды саңлақтар басты. Сонымен қатар, үздік жүздіктің тізімінде болып, кейін түсіп қалған Руслан Балтиев те қатарға қайта оралды. Өткен маусымның қорытындысы бойынша үздік жүздікке ену үшін 30 гол жеткілікті болған болса, енді бұл көрсеткіш 31 тура соққыға жетті. Жақын уақытта үздік жүздік тізіміне енуі мүмкін футболшылар қатарына  Глеб Мальцев (29 гол), Алексей Шакин (29 гол), Рафаэль Оразбахтин (29), Игорь Юрин (29), Дмитрий Мамонов (28), Сергей Иванов (27) және Сергей Хижниченко (26) сынды саңлақтар жатады. Сонымен, Қазақстан премьер-лигасының барлық чемпионаттарының үздік жүздік сұрмергені мыналар. (2011 жылғы ел біріншілігінде өнер көрсеткен саңлақтар курсивом көрсетілген. Голдары тең болған жағдайда жоғары орынға азырақ матч өткізген футболшылар орналасты) 1. (1). Литвиненко Олег — 147 + 1 күшін жойды. 2. (2). Мазбаев Нүркен — 142 3. (4). Жұмасқалиев Нұрбол — 137 4. (3). Тілешев Мұрат — 133 5. (5). Мирошниченко Андрей — 115 6. (6). Шатских Александр — 96 7. (7). Иманқұлов Руслан — 96 + 2 күшін жойды. 8. (8). Әубәкіров Қайрат — 94 9. (21). Бакаев Ұлықбек (Өзбекстан) — 89 10. (9). Антонов Виктор — 85 + 1 11. (10). Дузмамбетов Руслан — 85 + 1 12. (18). Финонченко Андрей — 85 + 1 13. (11). Макаев Гурам — 85 14. (12). Логинов Владимир — 85 + 2 15. (13). Малышев Олег — 84 16. (14). Бөлешев Әлібек — 84 17. (15). Мендес Нилтон (Бразилия) — 79 18. (16). Зубарев Виктор — 77 19. (17). Низовцев Максим — 77 + 1. 20. (19). Демян Павел — 76 + 2. 21. (20). Тлехугов Арсен — 73 22. (22). Әбілдаев Асқар — 71 23. (23). Глазунов Эдуард — 71 24. (24). Ордабаев Файзулла — 64 + 1 25. (25). Лунев Евгений — 63 26. (26). Байбосынов Сейітжан — 62 27. (27). Юрист Дмитрий — 62 + 2 28. (28). Жейлітбаев Серік — 62 + 1 29. (29). Ырысметов Жафар (Өзбекстан) — 61 + 1 30. (30). Агабаев Реджепмурад — 60 + 1 31. (31). Ниязымбетов Азамат — 60 + 1 32. (32). Кравченко Владимир — 58 33. (33). Звонаренко Юрий — 58 + 1 34. (34). Курганский Николай — 57 35. (35). Кучербаев Константин — 57 36. (36). Сисенов Тимур — 56 + 1. 37. (41). Смақов Самат — 56 + 1. 38. (37). Котов Константин — 56 39. (38). Авдеев Игорь — 55 40. (44). Әшірбеков Қайрат — 55 + 2 41. (39). Ваганов Андрей — 55 42. (40). Гумар Руслан — 55 43. (42). Тұрмағамбетов Төлеухан 52 44. (43). Калабухин Сергей — 52 + 4 45. (59). Головской Константин — 50 + 1. 46. (45). Климов Сергей — 50 47. (46). Евтеев Павел — 49 + 1 48. (47). Кицак Виталий — 48 49. (48). Бадағұлов Баян — 47 50. (49). Буш Владимир — 47 51. (50). Әбілдаев Сұлтан — 47 52. (51). Мұсатаев Қанат — 47 + 1 53. (52). Шмариков Александр — 46 54. (55). Удалов Павел — 46 + 1 55. (53). Қошқаров Серік — 45 56. (54). Аксенов Юрий — 44 + 1 57. (56). Клишин Алексей — 44 + 2. 58. (57). Оразов Дидарқылыш (Түркмения) — 42 + 1 59. (58). Гуртуев Владимир — 42 + 1 60. (89). Даскалов Георги (Болгария) — 41 61. (60). Рылов Олег — 40 62. (61). Егоров Сергей — 40 + 1 63. (62). Вишняков Сергей — 40 64. (103). Хайруллин Марат — 39 65. (63). Когай Сергей — 39 + 1 66. (64). Агаев Мүслім — 39 + 1. 67. (65). Жұмаханов Сансызбай 39 68. (74). Костюк Сергей — 39 69. (75). Сүймағамбетов Мұрат — 39 70. (66). Фриденталь Константин — 39 + 1 71. (67). Гроховский Игорь — 38 + 1. 72. (68). Рогачев Сергей (Молдова) 38 73. (69). Әпсенбетов Сәбит — 38 74. (80). Досманбетов Серік — 38 + 3. 75. (70). Королев Владимир — 37 76. (71). Капустников Олег — 37 77. (72). Восканян Арам (Армения) — 37 + 2. 78. (73). Усманов Рустам — 37 79. (91). Остапенко Сергей — 37 80. (76). Кондрацкий Сергей — 35 81. (127). Тәжімбетов Дәуренбек — 35 82. (77). Есмағамбетов Болат — 34 83. (84). Байрамов Владимир (Ресей) — 34 84. (117). Перич Иван (Сербия) — 34 + 1. 85. (78). Қайназаров Ғани — 34 86. (79). Антропов Александр — 34 87. (81). Мырзабаев Нұрмат — 34 88. (82). Богомолов Андрей — 34 89. (83). Қарақұлов Қуаныш — 34 90. (85). Гасанов Эльдар — 33 91. (86). Зобнин Игорь — 33 92. (87). Иманқұлов Дәулет — 33 + 3. 93. (88). Кучерявых Андрей — 33 94. (113). Струков Сергей (Ресей) — 32 + 2 95. (90). Гаркуша Валерий — 32 96. (92). Хамидуллов Рафаэль — 32 + 1. 97. (93). Қадырқұлов Асхат — 32 98. (94). Колода Вячеслав — 31 99. (95). Бутков Игорь — 31 100. (96). Бяков Дмитрий — 31 101. (104). Балтиев Руслан — 31 102. (97). Митяев Юрий — 31 103. (98). Барсуков Андрей — 31 + 1 Автор: Думан Балықбаев sports.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×