«Қайсар»: Жаңа ойыншылар командаға бейімделуде

24.02.2012, 02:44
«Қайсар»: Жаңа ойыншылар командаға бейімделуде
20 ақпанда «Оцелулға» қарсы ойында алаңға 2012 жылғы футбол маусымында команда негізін құрайтын ойыншылар шықты.   Команда бірден-ақ румындардың қорғанысын мазалай бастады. Сөйтіп, дегендеріне жетті. Бірнеше пастан құралған комбинациядан кейін "Қайсардың" жаңа ойыншысы Сытник қызылордалық команданы алға шығарды. Көп ұзамастан Вагнер есепті еселесе, екінші таймда Шмаков та тура соққымен көзге түсті. Дегенмен «Оцелул» да гол соға алды. Бірақ кездесу қорытындысына еш әсер еткен жоқ. Есеп 3:1. Енді жиын соңына дейін "Қайсар" тағы екі жолдастық кездесу өткізеді . Апта саоңында жігіттер Анталиядан Алматыға ұшады. Сосын Қызылордаға келіп, маусының бірінші ойынына дайындалады. Біріншіліктің бірінші матчында "Қайсар" өз алаңында "Ақтөбені" қабылдайды. "Қайсар" ФК баспасөз қызметшісі Сергей Неудачин
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×